ПРЕЗИДЕНТ РЕФОРМАСЫ: БАҚ ТУРАЛЫ ЗАҢДА БІРҚАТАР ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР БАР

0
98

Былтыр 16-наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Бағдарламалар аясында кең көлемді, ауқымды бастамалар көтерілді.

Президент халыққа Жолдауында бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау керектігін алға тартты. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Отандық БАҚ-тың ел өңірлерінде және әлем болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс. Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, тіпті идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты. Мемлекет ашық ақпарат кеңістігін қалыптастыруға ерекше көңіл бөледі. БАҚ өзекті мәселелерді көтере алады және көтеруі керек, бірақ мұны үлкен азаматтық жауапкершілікпен жасау керек. Сырттан тапсырыс бойынша емес, көлеңкелі төлемақы үшін немесе саяси топтар үшін жұмыс істемеуі керек. БАҚ өкілдері өз елі мен оның азаматтары үшін шын жүректен алаңдауы керек», – деген болатын.

Қазіргі таңда «Масс-медиа» деп аталатын жаңа заң тұжырымдамасы қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Жобада бірқатар жаңашылдықтар бар. Мәселен журналистке берілетін «баспасөз картасы» мен ақпарат саласындағы жұмыстарды, қарама-қайшылықтарды реттеу үшін кәсіби қоғамдық кеңес құру көзделген.

Сондай-ақ, баспасөзге жазылу мен пошта қызметін субсидиялау, мемлекеттік тапсырыстарға грант енгізу мәселелері қамтылып, журналистік сұрау салу мерзімін жеті күннен бес күнге қысқарту ұсынылған. Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекстегі «Журналистің жұмысына кедергі келтіру» бабын Әкімшілік кодекске ауыстыру мәселесі қарастырылған. Осы бағытта Түркістан облысындағы журналистер арасында заң жобасын талқылау жиындары өткен болатын.

“Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез-келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс.Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, тіпті идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты.Мемлекет ашық ақпараттық кеңістік пен сұранысқа ие әрі пәрменді ақпарат құралдарын құруға айрықша назар аударады. Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халықтың арасындағы тиімді байланыс арнасы бола отырып, елдегі қордаланған мәселелерді көтере алады және көтеруге міндетті. Бірақ, мұны жоғары азаматтық жауапкершілікпен жасау керек. Біздің қоғамымызды ыдырату үшін сырттан берілетін тапсырыстармен жұмыс істеуге немесе көлеңкелі қаламақы үшін саяси кландардың астыртын тартысына қатысуға болмайды.Журналистер өз еліне және азаматтарына шынайы жанашыр болуға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары бекерден бекер «төртінші билік» атанбаса керек. Сол себепті сіздер жұрттың санасы мен сезіміне ықпал ету мәселесіне мұқият қарағандарыңыз жөн. Мен мұны журналистер қауымына арнайы айтып отырмын.Тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін емес екеніне сенімдімін. Сондықтан мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау керек.Қоғамдық ұйымдардың қызметі елімізді орнықты және жан-жақты дамытудың тағы бір маңызды факторы саналады. Үкіметтік емес ұйымдар маңызды әлеуметтік мәселелерді ұдайы көтеріп, оларды кешенді түрде шешуге септігін тигізіп келеді.Қазір Қазақстанның алдында тұрған міндеттер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізуін, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде жаңғыртуды талап етеді.Реформаларды әзірлеу және оны жүзеге асыру ісіне қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтарды барынша тарту қажет. Сол үшін, ең алдымен, ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттардың бәрі ашық талқылануын қамтамасыз ету керек. Бұл мәселе бойынша жасанды пікірталас өткізіп, көзбояушылық жасауға болмайды.Біз елімізде азаматтық белсенділікті жандандыруымыз керек. Мемлекет пен қоғамның саналы әрі сындарлы серіктестігіне жол ашуымыз қажет. Сол себепті орталық және жергілікті органдардың, квазимемлекеттік сектордың жанындағы қоғамдық кеңестерді дамытып жатырмыз. Мен бірнеше рет олардың қызметіне қатысты сын айтқан болатынмын.Дегенмен, бұл кеңестердің орасан зор институционалдық әлеуеті бар. Соны толығымен жүзеге асыру керек.Биыл менің бастамам бойынша осы кеңестердің құрамы және жұмыс жоспары түбегейлі жаңаратын болады. «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген нақыл сөз бар. Бабаларымыз ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді бүкіл халық болып ақылдасып, бірге қабылдаған.Ұлытауда, Ордабасы мен Күлтөбеде өткен ұлы басқосулар – соның айқын дәлелі. Келелі жиында айтылған кесімді сөзге алты Алаштың баласы түгел тоқтаған. Біз бірліктің бастауы болған осы дала демократиясының дәстүрін жаңғыртуымыз керек.Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды Ұлттық құрылтай құруды ұсынамын. Жаңа құрылым Ұлттық кеңестің қызметін жалпыхалықтық деңгейде жалғастырады.Құрылтай қоғамдық диалогтың біртұтас институционалдық моделін қалыптастыруға тиіс. Сөйтіп, билік пен халықтың арасындағы дәнекерге айналатын болады. Қазіргі Қоғамдық кеңестердің бәрін өз айналасына топтастырады.Ұлттық құрылтайдың құрамында еліміздегі барлық аймақтың өкілдері болады. Сондай-ақ, оған Парламенттің бірқатар депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Азаматтық альянстың, қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың мүшелері, беделді қоғам қайраткерлері, өндіріс және ауыл шаруашылығы жұмысшылары, бизнес өкілдері және тағы басқа азаматтар кіреді. Осылайша, сан түрлі қоғамдық пікір иелерін түгел қамтитын өкілді құрылым қалыптасады. Ұлттық құрылтай мүшелері маңызды мәселелерді талқылау үшін тұрақты түрде бас қосып отырады”, деді президент.

Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кез келген өркениетті ел үшін айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс.

Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі таяуда БАҚ өкілдеріне «Баспасөз картасы» механизмін енгізу не үшін көзделіп отырғанын айтқан болатын. Министрдің пікірінше, Масс медиа туралы заң жобасында журналистің мәртебесін айқындау көзделіп отыр. Баспасөз картасы сол журналистің статусын айқындау үшін, жалпы журналист пен блогерді ажырату үшін беріледі. Бұл жаңашылдық Еуроодақтың біраз мемлекеттерінде, мысалы Түркияда біраз жылдан бері кеңінен қолданылады.

Министрлік баспасөз картасының енгізілуі журналистерге көбірек мүмкіндік беріп, олардың құқықтарын қорғайтынын жеткізуде. Яғни, баспасөз картасы арқылы журналист кез келген мемлекеттік органға міндетті түрде кіре алады, сондай-ақ карточканы көрсеткен кезде полиция митингтер кезінде немесе басқа да адамдар көп жиналатын орындарда жұмыс істегенде журналистер бірінші кезекте қорғалады. Жалпы жаңартылатын заң жобасы БАҚ өкілдері үшін маңызы зор болмақ.

Ұлттық БАҚ қауымдастығында «Масс-медиа туралы» заң жобасы тақыланған болатын. Бұл туралы аталған ұйымның жетекшісі Кемелбек Ойшыбаев желідегі парақшасында жазған болатын. Ұлттық медиа қауымдастық өткізген шараға Ақпарат комитетінің төрағасы Елдос Нәшірәлі, департамент директоры Жасұлан Өміралиев және басқа да БАҚ өкілдері қатысты.
«Конференцияда түрлі маңызды сұрақтар көтерілді.Бірінші қаралған мәселе заң жобасында көзделген БАҚ пен журналистерге төтенше жағдай кезінде материалдарды уәкілетті органмен келісу талаптары болды. Көпшілік бұл талаптың орындалуы қиындылығын жеткізді, себебі материал келісілгенше, оқиға туралы деректер өзектілігін жоғалтатытын атап өтті. Осы тұрғыда ешқандай ақпараттың жоқтығы тұрғындар арасында дүрбелең тудыруыда мүмкін. Министрлік пікірлерді қабылдап, бұл тармақты жою немесе түзетулер енгізу мүмкіндігі қазір пысықталып жатқанын хабарлады. Талқылау барысындағы екінші қызу мәселе – заң жобасынан БАҚ пен журналистерге материалды теріске шығару, алып тастау немесе өзгерту үшін талап қою шарттарына уақыт жағынан шектеу қою сұрағы болды. Бұл туралы пункт заңжобадан алынып тасталғаны дұрыс емес екенін жеткізді. Ж.Өміралиев министрліктің осы пікірмен келісетінін айтып, тармақты заң жобасына қайтару жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Журналистерге арналған баспасөз картасын енгізу мәселесі талқыланған кезде түрлі пікірлер айтылды. Баспасөз картасының қажеттілігінде айтып, карточканың енгізілуі кейбір журналистердің қызметін шектеу мүмкін дегенде пікірлер айтылды. Министрлік баспасөз картасының енгізілуі журналистерге көбірек мүмкіндік беріп, олардың құқықтарын қорғайтынын жеткізді. Яғни, баспасөз картасы арқылы журналист кез келген мемлекеттік органға міндетті түрде кіре алады, сондай-ақ карточканы көрсеткен кезде полиция митингтер кезінде немесе басқа да адамдар көп жиналатын орындарда жұмыс істегенде журналисті бірінші кезекте қорғайтынында атап өтті», – деді Кемелбек Ойшыбаев.
Талқылаудың нәтижесінде қатысушылар пресс картаның берілу және кері қайтарып алу рәсімдері журналистердің жұмысына кедергі келтірмеуі үшін халықаралық тәжірибені ескере жасау қажеттілігіне назар аударған.
«Сондай-ақ конференцияда YouTube арналарын бұқаралық ақпарат құралдары санатына жатқызу, интернет-теледидар платформаларын реттеу туралы ұсыныстар айтылып, Министрлік ұсыныстарды қарастыруға уәде берді.
Жаңартылған заң жобаны министрлік наурыз айының басында қоғамға көрсетуді жоспарлауда», – деді Ұлттық БАҚ қауымдастығының жетекшісі.
Жалпы, қолданыстағы Заң 1999 жылы әзірленген және онда бекітілген бірқатар анықтамалар өзектілігін жоғалтты. Ұсынылып отырған жаңалықтар енгізілген құқықтық қатынастардың қандай да бір түрлерін реттеу нысанасын толық көлемде көрсетуге мүмкіндік беретін «мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралы», «мемлекеттік ақпараттық саясат», «масс-медиа», «грант», «субсидия», «корреспонденттік пункт», «Журналистердің құқықтары туралы Ұлттық баяндама» сияқты жаңа ұғымдарды енгізуді талап етеді», – деп жазылған заң жобасының тұжырымдамасында.

Қазіргі таңда, Түркістан облысы көлемінде жұмыс жүргізіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының саны 71-ді (оның ішінде 48-і баспа БАҚ, 3-і журнал, 6-уы телеарна, 1-радио, 13 интернет сайт) құрайды. 2023 жылдың есептік кезеңінде БАҚ-да және әлеуметтік желілерде, 1 қаңтар мен 14 сәуір күндері аралығында жарық көрген жалпы ақпарат саны – 79 528.  Оның ішінде 74 707 жағымды, 22 сыни 4 799 бейтарап. Облысымызда, Мемлекет басшысының тапсырмаларын ақпараттық-түсіндіру мақсатында, арнайы медиа-жоспар бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызды тапсырмаларын түсіндіру бойынша, республикалық «Turkistan» телеарнасының «Халық сөзі», «Бетпердесіз» бағдарламалары тәулігіне 2 реттен кем емес эфирге шығып, телеарнадан 69 сюжет көрсетілді. Еліміздегі атаулы даталар (Түркістан облысының                        5 жылдығы, сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы және т.б.) бойынша да ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басынан бері Түркістан облысы әкімдігі тарапынан түрлі тақырыптарда 18 медиа-жоспар бекітіліп, Түркістан Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында 51 баспасөз жиыны өткізілді. Баспасөз  конференциясына қатысқан спикерлер саны – 86. Өңірде 1 баспасөз туры ұйымдастырылды.

Нұрсұлу БУХАНБАЙ,
Журналист

Leave a reply