САЙРАМ АУДАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

0
148
Сайрам ауданы әкімі Арман Сәбитовтің өкімімен 2023 жылдың 11 шілдеден бастап, Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымына Есполай Рысқұл Оспанұлы тағайындалды.
Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев бөлімнің ұжымына жаңа басшыны таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Р.Есполай бұрынғы атауы Оңтүстік Қазақстан қазіргі Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданында 1961 жылы туған.
Білімі – жоғары. 1985 жылы Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтының мал дәрігері мамандығын бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы ауданда Свердлов атындағы колхозының вететеринариялық технигі, бас мал дәрігерінен бастаған.
1996-1997 жылдары «Жандарбеков» атындағы АҚ-ның президенті болып, 1998-2011 жылдары Қайнарбұлақ ауыл әкімінің орынбасары, одан кейінгі жылдары жеке кәсіппен айналысып, «Ақсу санэпидвет. зертханасы» және «Сапа зертхана» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерін басқарды.
2014 жылдың 4 тамызынан 30 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының жетекші маман-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының міндетін атқарушы (арнайы тексеруден өткенге дейін), аталған инспекцияның жетекші маман-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы болып, еңбек етті.
2014 – 2015 жылдары аталған комитеттің бұрынғы атауы Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының тамақ өнімдері және тасымалданатын объектілер қауіпсіздігі бөлімінің бас маман-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы болып, қызметін жалғастырды.
2015 – 2019 жылдары аралығында комитеттің Сайрам аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы, осы инспекцияның бас маман-мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы қызметтерінде болды.
2019 – 2021 жылдары Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы (арнайы тексеруден өткенге дейін), ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.
2021 жылдың 18 ақпанынан 2 қарашасына дейін Сайрам аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы, 2021 жылдың 2 қарашасынан 2023 жылдың 11 шілдесіне дейін Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келді.

Leave a reply