Қазақстандықтардың 65 миллион теңгесі қолды болды – Алаяқтар ұсталды ма?

0
120

Шымкент қаласының 6 тұрғыны 27 қазақстандықты алдап, жарты жылда 65 миллион теңгені қолды еткен, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.

алаяқтық

Зардап шеккендердің арасында Астана, Алматы, Петропавл, Көкшетау, Орал, Қарағанды ​​және басқа да аймақтардың тұрғындары бар. Полицейлер қылмыстық топтың 4 мүшесін Шымкент пен Түркістан облысының аумағында ұстаса, қалған 2-уі халықаралық іздеу нәтижесінде Ресейден табылды.

“Тергеу барысында олардың әрқайсысының өз міндеті болғаны анықталды. Біреуі көшбасшы рөлін атқарды және тапсырмалар беріп отырған, басқалары “дропперлерді ” тапса, ал қалғаны түскен қаражатты банкоматтардан шешіп алумен айналысқан”, – делінген ақпаратта.

Полиция қылмыстық істі сотқа жіберіп, нәтижесінде алаяқтар 3 жылдан т4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Leave a reply