Түркістандық тұрғын 3-қабаттан лифт шахтасына құлап, қаза болды

0
107

Түркістанда 74 жастағы әйел тұрғын үйдің 3 қабатынан лифт шахтасына құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға жаңа қала аумағында салынған үйлердің бірінде болған. Жөндеу жұмыстарына байланысты лифтінің кабинкасы бесінші қабатқа тоқтатылған. Ал, үшінші қабаттағы лифтінің есігін ашқан 74 жастағы тұрғын төменге құлаған. Алған ауыр жарақаттан ауруханада жан тапсырған.

Қала әкімдігінің хабарлауынша тұрғын үйдегі лифттерді жөндеуді «Lift Pro servis» сервистік кәсіпорны жүргізген. Жөндеу жұмыстары туралы үй тұрғындарына алдын ала хабарланғандығын алға тартып отыр. Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Leave a reply