Елордада ер адам көшенің ортасында адам өлтіріп, автобусқа мініп, қашып кеткен

0
120

Астанада 26 тамыз күні түстен кейін Уәлиханов көшесінде “Артем” сауда үйінің маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты. 

Елордада екі адамның арасында дау туындап, соңы төбелеске айналған. Ер адамдардың бірі екіншісін жерге құлатып, пышақтап, қашып кетті. Жәбірленуші сол жерде мерт болды.

“Куәгер күдіктінің қай бағытта қашып кеткенін көрсетті. Жедел басқару орталығының қызметкерлері оның автобусқа отырғанын анықтап, оның бағытымен жүрді”, – деді елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нәтижесінде күдікті ағаш зауытының маңында ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Астана қаласының полиция департаменті елорда тұрғындарына қылмыскерді іздеуге көмектескені үшін алғыс білдіреді

Leave a reply