Бетперде киген 4 адам мейрамханада отырған бірнеше адамды атып кеткен
Алматыдағы әл-Фараби мен Фурманов көшелерінің қиылысындағы “Сансет” мейрамханасында түнгі сағат 00:30 шамасында атыс болды, деп хабарлайды Infonews.kz сайты.
Куәгерлердің айтуынша, бетперде киген 4 адам келіп, Макаров тапаншасынан оқ жаудырған. Біреуі асқазанынан, екіншісі аяғынан жараланған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Полицейлер бұл деректі Алматы қаласы Бостандық ауданының полиция бөлімі тіркеп, тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.
“Қылмыс орнына қалалық полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаров бастаған жедел-тергеу тобы барды. Қазіргі таңда аталған қылмысты ашуға бағытталған кешенді жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр”, – деп жазды ІІМ-нен.
Ондағы ақпаратқа қарағанда, күдіктілердің бірі қамауға алынды. Қалған қатысушылар анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылатын болады.