ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

0
118

Қай биліктің болсын әуелгі парызы – тұрғындардың тұрмысын түзеп, әл-ауқатын арттыру, мұң-мұқтажына құлақ түріп, өтініш-тілегіне зер салу. Себебі әуелгі назар әлеумет мәселесіне аударылғанда ғана ел тыныш әрі бейбіт күн кешері анық. Осы мақсатта түркістандық халық қалаулылары қаладағы маңызды мәселелерді шешу бағытында құрылыс жұмыстары мен тұрғындардың өтініштері бойынша бірнеше нысандарды аралады.

Шара аясында қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев бастаған халық қалаулылары қалада атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын жіті бақылап, өзекті мәселелерді зерделеу үшін арнайы кесте түзіп, 6 сектордағы түйткілді мәселелердің түйінін тарқатып қайтты. Сонымен қатар, қаладағы әлеуметтік мәселелер бойынша тұрғындармен кездесіп, өзекті мәселелер талқыланды.

Қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаевпен «Әкімшілік аумақтық орналастыру, құрылыс және коммуналдық қызмет көрсету салаларын, депутаттық өкілдік және этика, ұйымдық-құқықтық қызметті қамтамасыз ету жөніндегі» тұрақты комиссия төрағасы Аманжол Мәди және аталмыш комиссия мүшелері Бақдәулет Тұрманов, Ақниет Асылов, Құлбатыр Мұсабек пен қалалық мәслихат депутаттары Тәжібек Мұсаев, Бекахмет Абусейтов, Дәурен Тәңірбергенов, Самат Рысбеков, Жандос Арыстанов, Жанбота Тағайбаев нысандарға барды. Сондай-ақ, қала әкімінің орынбасары Байдулла Жұмадуллаұлы, «Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімі» басшысының м.у.а. Арман Искаков, “Жолаушылар бөлімі және автокөлік жолдар бөлімі” басшысы Арман Оспанов нысандарды бірге аралап, халық қалаулыларының сұрақтарына жауап берді. Нысандарды аралау барысында атқарылуы тиіс істердің сапасы мен мерзіміне байланысты мердігерлерге сын-ескертпелер жасалып, жұмыстардың аяқталуына межелі уақыттар белгіленді.

Депутаттар ат басын бұрған бірінші нысанда бірқатар түйткілді жайттар бар екені мәлім болды. Сайлаушылар көтерген мәселелер бойынша “Руханият” саябағын аралап, саябақтың жай-күйімен танысқан халық қалаулылары былтыр ғана ашылған саябақтағы абаттандыру жұмыстарын жақсарту және ойын алаңшалары мен аяқжолдарға жөндеу жұмыстарын жеделдету керектігіне назар аударды. Сонымен қатар халық қалаулыларының кезекті бақылау жұмыстары аясында:

  1. І, ІІ мөлтек аудандардағы балалар ойын алаңшалары, асфальт, тротуарлар;
  2. Оңдасынов көшесі мен Нұрмаханов көшелерінің қиылысында кәріз жүйесінің ақаулығы;
  3. А.Байтұрсынов көшесіндегі жылу жүйесі құбырларының жай-күйі;
  4. Төле би саябағын күтіп-ұстау;
  5. Жангелдин көшесінің құрылысы;
  6. Бекзат секторы кәріз, су жүйелері:

– Т.Бигелдинов, Миронов көшелері;

– Балтакөл трассасындағы аллеяны күтіп-ұстау;

– Қалаби көшесін күтіп-ұстау, тазалық, жарықшамдар;

– Жамбыл Жабаев мектебінің жанындағы балалар ойын алаңы;

  1. Юлдашев көшесіне тас төсеу мәселесі.
  2. Шумилов көшесіндегі газ мәселесі;
  3. Мұңайтпасов көшесі, №16 Т.Бигелдинов мектебінің айналасындағы көшелердің абаттандыру жұмысы;
  4. Домалақ ана, Мамай батыр, Батырбеков көшелерінің жол, кәріз, электр жүйесінің құрылысы сынды бірқатар мәселелер қаралды.

– Түркістан қаласының тұрғындары ұсыныстарын жеткізу арқылы қаланы көркейтуге өз үлестерін қосып жатыр. Тұрақты комиссияның төрағасы Аманжол Данаханұлының бастама-сымен 6 сектор бойынша қала тұрғын-дарының тыныс-тіршілігін зерделеп, маңызды мәселелердің орындалу жа-йын бақылау үшін нысандарды аралау-ға шықтық. Алдағы уақытта ай сайын әлеуметтік нысандарды аралауды жос-парлап отырмыз. Бақылау барысында тұрғындарға қолайлы жағдай жасауда кедергі келтіретін мәселелер анықтал-ды. Бірқатар мәселелерді көзбен көріп, атқарылуы тиіс жұмыстардың сапасы-на байланысты жауапты сала маман-дарына сын-ескертпелер жасадық. Аталған сын-ескертпелер межелі уақытта орындалмаған жағдайда, тиісті шешімдер қабылдауға әрекет ететін боламыз. Әрбір азамат атқарылуы тиіс жұмыстарды сапалы орындаса, өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, тиянақты болса, қала тұрғындарының ризашылығын алар еді. Халық игілігіне жарасын деп өкімет ақша бөлгеннен соң, істі тиянақты атқарса кез келген азаматтың абыройы артады деп ойлай-мын. Сондай-ақ, сапалы атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Алдағы уақытта қалалық мәслихат депутаттары қала әкімі Нұрбол Тұрашбековпен бірлесе атқаратын жұмыстар көп. “Көппен көрген – ұлы той” дейді, өйткені бәріміз де халыққа қызмет көрсетіп жүрміз. Халық қалаулылары – халық пен биліктің арасын жақындатушы көпір һәм халықтың мәселелерін көтерушілер, – дейді Ғаппар Сәрсенбаев.

Алдағы уақытта кемшіліктер назарға алынып, депутаттар тарапынан ұсыныс хаттар енгізіліп, тиісті бөлімдерге жөнелтіледі деп сенеміз.

Азамат ӘЛІБЕК.

 

Leave a reply