Сайрам ауданында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны артқан

0
156

Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов жуырда рухани шаһардағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне брифинг берген болатын. Онда аймақ басшысы биылғы жылдың 9 айында атқарылған шаруаларды айтып, алдағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты серпін сақталып, барлық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалғанын жеткізді. Жыл қорытындысымен де орындалуы күтілуде екендігін ескертіп, солардың негізгілеріне тоқталды.

«Қайырлы күн, құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Өздеріңізбен әсем қала, рухани астана Түркістанда қауышып отырғаныма өте қуаныштымын! Облысымызда, аудандар мен қалаларда атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа жеткізудегі еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін! Сіздердің алдыларыңызда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беру дәстүр болып қалыптасқан. Атқарған жұмысымызды саралап қана қоймай, алда тұрған міндеттерді  де межелейміз.

Бүгінгі таңда бірлік пен татулық мекені саналатын Сайрам ауданында 235 мыңнан астам халық тұрып жатыр, 11 ауылдық округ, 42 елді мекен бар. Облыс халқының 11%-н құрайды. 2023 жылдың 9 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты серпін сақталып, барлық көрсеткіштер жоспарға сәйкес орындалды, жыл қорытындысымен де орындалуы күтілуде, солардың негізгілеріне тоқталсам. Басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі ағымдағы жылдың 9 айында 185 млрд теңгеге жетіп, өсім 103,3%-ды құрады. Жалпы өнімнің ішінде 56%-ы ауылшаруашылығы саласына тиесілі болса, 18,3%-ы өнеркәсіп саласына, 18,5%-ы сауда саласының үлесінде. Биылғы жылы жалпы өнімді 255 млрд.теңгеге және 5,8%-ық өсімге қол жеткізуді жоспарлап отырмыз (2022 ж.- 241 млрд.тн).

ӨНЕРКӘСІП саласында жыл басынан 33,9 млрд.теңгенің өнімі өндірілген, оның ішінде 27,6 млрд.теңгесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 3 жылда 1,7 есеге артып, бүгінде облыстың өнеркәсіп өнім көлемі бойынша ауданымыз үшінші орында.       Ағымдағы жылдың 9 айында ауданымызға 38,9 млрд.теңге ИНВЕСТИЦИЯ тартылып, былтырғы жылдың  9 айымен салыстырғанда өсім 18,3%-ды құрап, 6,0 млрд.теңгеге артты.        Тартылған инвестицияның 89%-ы жеке инвестиция болса, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш  2 есеге артты. 2023-2024 жылдарға ауданда 75 млрд.теңгеге  19 инвестициялық жобаны іске асырып, 886 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Оның 12-сі өңдеу бағытындағы іске асатын жобалар. Жыл басынан 11 млрд.теңгеге 9 жоба іске қосылып, 279 жұмыс орны ашылды (күнбағыс майын шығаратын цех, газоблок және темірбетон зауыты, алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт, жылыжай құрылысы). Іске қосылған жобалардың ішінде «Gen Group Kazakhstan» компаниясы Қайнарбұлақ ауыл округінде 5,3 га жерге банан өсіруге арналған жылыжай кешенін салды. Аталған кәсіпорынның Қазақстанда баламасы жоқ. Яғни бұндай кәсіпкерлік нысан тек Сайрам ауданында бар. Жылыжай жылына 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді.  Жыл соңына дейін құны 2,6 млрд.теңгеге 5 жоба іске қосылса, қалған 5 жобаны іске асыру 2024 жылға жоспарлануда.

Оның ішінде, ірі жобалар: «Туран Агро ет-сүт» өндірістік кооперативі сүт өнімдерін өндіреді, құны 450 млн.теңге, 20 жұмыс орны ашылады. «Meat magnat” ЖШС-сі 2 мың ірі қара малға арналған бордақылау алаңын салып жатыр, құны 800 млн.теңге,  10 адам жұмыспен қамтылады. «Samid  Master»  ЖШС-сі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін зауыт құрылысы, жобаның құны 650,0 млн.теңге, 20 адам жұмыспен қамтылады. Нәтижесінде 50 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Сонымен қатар, “Агроөнеркәсіптік индустриялды аймағын құру үшін жер учаскесін резервте қалдыру туралы” аудан әкімдігінің қаулысы қабылданып, тұжырымдама жобасы (концепция) әзірленуде. Алдағы уақытта осы жер учаскесіне инфрақұрылым жүйелерін жүргізу мәселесін шешуіміз қажет.  Индустриялды аумағында инвестициялық жобаларды орналастыру үшін тізімдері анықталуда. Іске асқан жобалар ауданның өндірістік әлеуетін арттыру және шағын кәсіпкерліктің дамуына септігін тигізері сөзсіз. Өздеріңізге белгілі, Сайрам – шағын және орта кәсіпкерлігі дамыған аудан. Кәсіпкерліктің басым бөлігі ауыл шаруашылығы бағытында болса, одан бөлек сауда және қызмет көрсету салаларын қамтиды. Бүгінде жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны былтырғы жылмен салыстырғанда
25,4%-ға артып, 21 701 бірлікті құрады. Оның 53%-ы жеке кәсіпкерлер. Олар аудан экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.

Жыл басынан шағын кәсіпкерлік субъектілерімен  68,2 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, қызметтер көрсетілген. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен   26 кәсіпкерге  1,4 млрд.теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Ағымдағы жылдың 10-17 қазан айының аралығында ауданымыздан 5 кәсіпорын басшылары Қытай еліне өз кәсіптерін ұлғайту, қажетті құрал-жабдықтарды алу және тәжірбие алмасу мақсатында барып қайтты.              «ART Boilers»  ЖШС-і басшылары Қытай еліндегі жылу қазандықтары бойынша Шанхай қаласының «Shanghai Boiler Works Co.,Ltd» ірі компаниясымен келісім жасады, Гуандонь қаласындағы ірі жылыту  қазандықтарымен (20 тонналық пармен жылыту) айналысатын «SNDWAY NEXHOLOGY CO.,LTD» компаниясына 17 тонна пар шығаратын қазандықтар алуға және бірлесіп мамандарымен тәжірибие алмасу жұмыстарын жүргізуге меморандумға тұрды. «Ет Агро Манкент» ӨК-і (құны 330,0 млн.теңге) және “Тұран агро Ет-сүт” АШӨК (құны 321,0 млн.теңге) мал бордақылау кешені, мал сою алаңы, етті терең өңдейтін цех құрылысы және қанды өңдеу кәсіпорындары құрылысын жүргізуге «ZHONG BANG HAO TONG» компаниясымен құрал-жабдықтарды сатып алуға ынтымақтастық туралы келісімге тұрды.

ЖК Убаев Жахангир «Ауыл шаруашылығы жануарларын сою кезінде қалған қосалқы өнімдерін қайта өңдеу» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Zhucheng Xinshengyuan Machinery Co., Ltd.» компаниясымен  ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Жоба құны – 260,0 млн.теңге. «Kuzov-Karabulak» ЖШС-гі кәсіпорынды кеңейтуге құрал-жабдықтар алу үшін «LIANGSHAN LUHENG TRAILER PARTS CO.,LTD» компаниясымен келісімге келіп, жылына 500,0 млн теңге шамасында автобөлшектер алуды жоспарлап отыр.

Сайрам- ауыл шаруашылығы өркендеген ең іргелі аграрлы аудандардың бірі.    АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ саласында жыл басынан  103,2 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, облыстағы өнім көлемінің 12,8%-ын құрап, бірінші орында. Шаруалардың еңбекқорлығының арқасында өнім көлемі былтырғы жылдың  9 айымен салыстырғанда  8,1 млрд.теңгеге артқан.  Биыл 9 айда егін шаруашылығында 43,7 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, 52,8 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді (18,0 мың га күздік бидай, 4,9 мың га арпа, 7,7 мың га майлы дақылдар, 11,9 мың га мал азықтық дақылдар, 5,9 мың га көкөніс, 3,9 мың га картоп егілген). Бүгінгі таңда күздік бидай толығымен жиналды.

Жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша биыл 17,2 гектар жылыжай іске қосылып, жоспар 101,8%-ға орындалды (жоспар 16,9 га). Нәтижесінде барлық жылыжайлар көлемі 75,7 гектарға жетті. 56 агроқұрылымда қосымша 101,8 гектарға тамшылатып суғару әдісі ендіріліп, тапсырма 101,8%-ға артығымен орындалды (жоспар 100 га). Нәтижесінде тамшылатып суғару әдісі енгізілген жалпы жер көлемі 630,8 гектарға жетті. Ауданда мал шаруашылығы жақсы дамыған, ауыл шаруашылығы өнімінің 59,2 млрд.теңгесі немесе 57%-ы мал шаруашылығында өндірілген, өсім 18,9%-ды құрап отыр. Барлық шаруашылықтарда мал басы көбейген, ет өндірісі 8,2%-ға, сүт – 2,7%-ға артты. Ауданда 1042 мал бордақылау орындарында бір мезгілде 42 мың бас мал бордақылауға мүмкіндігі бар.  Өздеріңізге белгілі аудандағы мал бордақылау алаңдарының жұмысы сынға алынған болатын. Қарабұлақ ауылында орналасқан мал бордақылау алаңдары мен мал сою бекеттерінің жұмыстары тексеріліп, мал сою алаңдарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.

11 мал сою орнының санитарлық талаптары сақталмағаны анықталған, 3-уі жабылған, қалған 8 мал сою алаңдарын заман талабына сай ретке келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес санитарлық нормаларды сақтау мақсатында Қарабұлақ ауылында жеке кәсіпкер есебінен Беккари шұқыры дайындалып, қан төгу орны жұмыс істеп тұр. Облыс әкімі шілде айында аудан кәсіпкерлерімен кездесіп мал қалдықтарын терең өңдейтін зауыттарды салу бойынша аудан кәсіпкерлерінің бірнеше ірі жобаларымен танысқан болатын.  Бұл жобаларды іске асыру  2024-2025 жылдарға жоспарланған. «Nurym Group» компаниясы 25 гектар жерге мал бордақылау кешені, мал сою алаңы, етті терең өңдейтін цех құрылысы мен қанды өңдеу кәсіпорынның құрылысын бастауды жоспарлаған. Жобаның құны 3,1 млрд.теңге,  70 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Сондай жобалардың бірі, жеке кәсіпкер, Убаев Жахангир жылына 2 мың тонна қалдықтарды өңдеуге мүмкіндігі бар жобаны іске асыруды қолға алып отыр  (құны 1 млрд. теңге). Яғни, ауыл шаруашылығы жануарларын сою кезінде қалған қосалқы өнімдерін қайта өңдеуден өткізеді (сүйек, қан, ішек қарын).             Өздеріңізге белгілі, Президентіміз ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Биыл «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылып, жобаның мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.     Сайрам ауданынан бұл жобаға 4 ауылдық округтері еніп отыр Ақбұлақ, Жібек жолы, Қайнарбұлақ, Көлкент ауылдық округтері. Аталған төрт ауылдық округі бойынша жоба аясында жалпы 266 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда   1,2 млрд.теңгені құрайтын 234 азаматтың жобасы дайындалып, «Ырыс» МҚҰ-на ұсынылған.  Соның 189 жобасы (1,1 млрд. теңге) мақұлданып, оның 132 жобасы (757,6 млн. теңге) нақты қаржыландырылды.

Қаржыландырылған 132 жобаның 129 жобасы (құны 740,4 млн.теңге) немесе 98%-ы мал шаруашылығы, 1 жоба (құны 7,8 млн.теңге) балық шаруашылығы, 2 жобасы (құны 9,4 млн.теңге) өз кәсібін ашу бағытында. Бағдарлама аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қолдау көрсетіп, оларды кәсіпке бейімдеу де жоспарланған. Әлеуметтік көмек алушылар бойынша барлық ауылдық округтен 18 жоба ұсынылып, 43,5 млн.теңгені құрайтын  10 жоба қаржыландырылған. Ауданда ағын су мәселесі өзекті. Аудан бойынша 53 дана канал бар (о.і коммуналдық меншікте 47 дана, жеке меншікте 6 дана). Коммуналдық меншіктегі 363 шқ. құрайтын 47 дана каналдың 255,4 шқ. жөндеуді қажет етеді (о.ікүрделі жөндеу 246,9 шқ; ағымдағы жөндеу 8,54 шқ).

Каналдардың су өткізу қабілеттілігін арттыру үшін облыстық бюджеттен 121,9 млн. теңге қаралып, 8 каналды күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалау сметалық құжаттамалар әзірленуде (Аламан, Төменгі Аққала, Бауарық, Әсіл, Теспе, Сай, Жоғарғы Аққала, Закира).

Сондай-ақ, Ақбай-Қарасу каналының күрделі жөндеу жұмыстары биыл басталған. Бүгінде ЖАЙЫЛЫМ тапшылығы әр өңірде кездесетін өзекті мәселеге ай­налды. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берген. Ауданда пайдаланылмай жатқан және заңсыз берілген жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүруде. Ауданның  барлық жер көлемі 114 761 гектарды құрайды. Оның ішінде, жайылым көлемі- 24,5 мың гектар. Аудан аумағындағы төрт түлік малдың жайылымдық жерлермен қамтылу деңгейін есептегенде, қажетті жайылым көлемі 693,4 мың гектарды құрайды. Биыл бекітілген жоспарға сәйкес, аудан аумағынан                       5,5 мың га жайылымдық жерді мемлекетке қайтару міндеті қойылған. Жыл басынан бері 3,2 мың гектар жайылымдық жер қайтарылды, оның ішінде, 1123,6 гектары сот тәртібімен қайтарылған болса,  2102,5 гектары  өз еркімен қайтарылды.

Бүгінгі күнде, 1248,0 гектар жайылымдық жер учаскелерін (18 жайылым жер учаскесі) қайтару мәселесі бойынша, Түркістан облысының ауданаралық экономикалық сотында және Сайрам аудандық сотында мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап арыздар қаралуда. Ал, 1200 гектар жерге сотқа талап арыз дайындалуда. Аудан экономикасының тұрақты дамуы есебінен аудан бюджетінің ӨЗІНДІК КІРІСТЕРІ артуда. 2023 жылға өзіндік кірістер жоспары
10 млрд.теңгені құрап, 2022 жылдың нақты түсімімен салыстырғанда  4,5 млрд.теңгеге ұлғайды. Шағын кәсіпкерлік нысандарына түгендеу жұмыстарын жүргізу, мүлікті қайта бағалау, бюджеттік салада жалақы қорының өсуі есебінен бюджет түсімдері артып отыр. Кірістердің ұлғаюы ауданның әрі қарай дамуына және де өзекті мәселелерді шешуде септігін тигізуде.  Бірінші кезекте тұрғындар үшін тиімді, шұғыл шешілуді қажет ететін мәселелерге назар аудару қажет. Осы мақсатта       42 елді мекендегі өзекті  мәселелер жинақталып, оны орындау үшін Жол картасы бекітілді. Барлығы, 116 мәселені шешу үшін алдағы төрт жылда 61,6 млрд.теңге қаржы қажеттілігі анықталды. Өзекті мәселелердің басым көпшілігі инфрақұрылым саласына қатысты. Аудан халқының демографиялық өсімі жоғары. Сондықтан да, халықтың өмір сүруіне қажетті ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮЙЕЛЕРІМЕН қамтамасыз етудің қажеттілігі де артуда. Биыл инфрақұрылыммен қамту бойынша
22 нысанның құрылысына қаржы бөлінген, оның  9 нысаны биыл тапсырылса, қалған 13-нің құрылысы 2024 жылға өтпелі. Нәтижесінде, биыл 184 га жер аумағы инфрақұрылым жүйелерімен қамтылатын болады. Келесі жылы, Қосбұлақ ауылының 24,8 гектар жер аумағына және Оразалиев ауылының 10 гектар жер аумағына инфрақұрылым жүйелерін жүргізу жоспарлануда. Аудандағы барлық 42 елді мекені орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН жөндеу және түнгі жарықтандыруға аудан бюджетінен тиісті қаржылар бөлініп, ауылдардағы жарықтандыру жүйелерін ағымдағы жөндеу, электр бағаналарды ауыстыру, КТП-ны орнату жұмыстары жүргізілуде.

Ақсукент, Қарасу, Көлкент ауылдық округі аумақтарындағы электр тапшылығын шешу мақсатында қосалқы станциясын салу үшін жобалық сметалық құжаттама дайындалып, республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылды.

Подстанция қосылған жағдайда, Ақсукент, Қарасу, Көлкент ауылдық округі аумақтарындағы 11 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Аудандағы барлық елді мекендер АУЫЗ СУМЕН қамтылған. Халықты таза ауыз сумен қамтуға бағытталған жобалардың жүзеге асырылу барысы ауданда бақылауда. Биыл Жібек жолы тұрғындарын тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тозығы жеткен ауыз су құбырларын ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нысанға «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 100,0 млн.теңге бөлінген. Биылғы жылы нысанды пайдалануға беру жоспарда. Бұдан бөлек, сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуіне аудандық бюджеттен қажетті қаржылар бөлініп, ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеу, су ұңғымасын қазу, орнату, су насостарын ауыстыру сияқты жұмыстар атқарылуда.

Сондай-ақ, Қарабұлақ ауылының ауыз су жүйесінің құрылысының құжаттамасы әзірленіп, қаржыландыруға  республикалық бюджетке ұсынылды. Ал, Қожақорған және Нұржанқорған ауылдарын ауыз сумен қамту жобасы дайындалуда. Қазіргі уақытта ТАБИҒИ ГАЗБЕН 42 елді мекеннің 34-і қамтылған, елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 81%-ды құрап отыр. Табиғи газбен қамтылмаған 6 елді мекеннің (Құтарыс, Қызылжар, Ақсуабад, Оймауыт,Ақарыс, Көлкент) газ жүйесінің құрылыстарына биыл бюджеттен 1,5 млрд.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 5 елді мекеннің газдандыру жұмыстары аяқталады.  Жыл соңына газ құбыры жүргізілген Ақсуабад, Шапырашты және Береке елді мекендерін табиғи газға қосу көзделуде. Нәтижесінде, елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші  81%-дан 88 %- ға жетеді. Жалпы аудан аумағында 1 298 шақырымды құрайтын ЖОЛДАР болса, оның 62,4%-ы қанағаттанарлық жағдайда. 2023 жылы аудандық маңызы бар 3 жолды күрделі жөндеуден өткізуге бюджеттен 751 млн.теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, 5,3 шқ құрайтын КХ-14 Манкент-Қалдаман-КХ-97 аудандық маңызы бар жолдың күрделі жөндеуі аяқталды. Сонымен қатар, жолдарды орташа жөндеуден өткізуге барлығы 39 көшеге 1,3 млрд.теңге бөлінген.  Оның ішінде «Ауыл – Ел бесігі»бағдарламасы аясында  25 көше, аудандық бюджеттен 14 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі таңға 32 шақырымды құрайтын 14 көше жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде жалпы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 70%ға жетеді.

Сондай-ақ, аудан орталығын абаттандыру бойынша жұмыстар қолға алынуда. Яғни, алдағы уақытта Ақсукент ауылы Абылайхан көшесіндегі “Арбат” құрылысы, Абылайхан көшесіндегі орталық алаңды реконструкциялау, Жібек жолы көшесінде инфрақұрылым және абаттандыру жұмыстары және орталық саябақты қайта жаңғырту жобаларын іске асыруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, аудандағы құрылыс нормаларына сай емес, қызыл сызықта орналасқан нысандарды ретке келтіру жұмыстары қолға алынды. Ақсу ауылындағы 18 және Қарабұлақ ауылында 17 заңсыз нысан бұзылды.  Бұл жұмыстар жалғасын табуда.

Ауданда БІЛІМ БЕРУ саласында 97 білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Оның 74-і мемлекеттік мектеп болса, 23-і жекеменшік мектептер. Яғни, жаңа оқу жылында 2966 орындық 7 жекеменшік мектептер іске қосылды. Балалар қауіпсіздігі мақсатында 74 мектеп бейне бақылаумен қамтамасыз етілген. Қашықтықтан қатынайтын оқушыларды тасымалдауға ауданға  9 автобус берілген. Жаңа оқу жылынан бастап аудандағы 1-4 сыныпта оқитын 19087 бала бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.     Биыл, Манкент және Нұржанқорған елді мекендерінде 600 және 300 орындық 2 мектептің құрылысы жүргізілді (Айнабұлақ ат.жаңа 600 орындық ЖОМ, №62 Анартаев ат.ЖОМ қосымша 300 орындық оқу корпусы).

Нұржанқорған елді мекеніндегі 300 орындық мектеп құрылыс аяқталып, пайдалануға берілді, Манкенттегі 600 орындық мектеп келесі жылы пайдалануға беріледі.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы  шеңберінде аудан аумағындағы жаңадан 3 мектептің : Ақсукент, Ақбұлақ, Қарасу ауылдарынан 600 орындық жаңа мектеп құрылыстары жоспарлануда. Бұл мектептер алдағы 2 жылда пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Ауданда МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫН дамыту мәселесі  назарда. Аудан аумағында 31 мәдениет ошағы мен 407 спорт нысандары бар. Жоспарланған іс шаралар кестеге сәйкес өткізілуде. Аудан спортшылары жалпы республикалық, облыстық жарыстарда спорт түрлері бойынша 16 алтын, 23 күміс, 32 қола  медаль жеңіп алды. Дене тәрбиесімен және спортпен шұғылдану жаппай өрістеп, тұрғындарға барынша қол жетімді болу үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Биылғы жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақбұлақ ауылында 208 млн.теңгеге мәдениет үйі, кітапхана және спорттық үйірмелер ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Биыл халық игілігіне пайдалануға берілетін болады.

Ал, 609 млн.теңгеге Қарасу ауылында спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде, келесі жылы іске қосылады. ӘЛЕУМЕТТІК салада аудан аумағында аз қамтамасыз етілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі түрде атқарылуда. 2023 жылдың 9 ай қорытындысымен 2 661 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 4704 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама төленді.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлік жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға, оларды белсенді зияткерлік, шығармашылық, қоғамдық өмірге бағытталған мәдени-демалыспен қамту үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру» және «Тең-қоғам» концепциясын жүзеге асыру үшін «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылады. Ауданда жұмыспен қамту шаралары кеңінен жүзеге асырылуда. Халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту іс-шаралары, тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге оң әсерін тигізуде. Биылғы жылы «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының» жұмыспен қамту бағытында биыл 9 айда 7973 азамат жобаға қатысып, жылдық жоспар 109%-ға артығымен орындалды (жоспар 7272). Оның ішінде 1192 адам жастар практикасына, 1970 адам ақылы қоғамдық жұмысқа, 471 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 241 адам алғашқы жұмыс орындарына,                                   297 адам «Күміс жас» жобасына тартылып, жылдық жоспарлар орындалды.

Ал, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 54 азаматқа    мемлекеттік грант берілді (жоспар 100 адам). Жастарға өз кәсіптерін ашуға жеңілдетілген шағын несие беру бойынша 48 тұрғыннан өтініш түскен, бүгінгі таңда   19 адамға шағын несие берілді (жоспар 30 адам). Биылғы жылы 4285 азаматты тұрақты жұмыс орындарымен қамту міндеттелсе, 3729 азамат жұмыспен қамтылып, жоспар 87%-ға орындалды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 2627 жұмыс орындары ашылды. Ұлттық жобалар аясында 216 жұмыс орны ашылып, жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылды. Халықтың табысын арттыруға бағытталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады.

Соңғы жылдары шешімін таппай келген «Ақсукент ауылының тазартқыш имараттарын қайта құру» нысаны қайта іске қосылды. Бұл құрылыс 2017 жылы басталса да, келісім шартта талаптар орындалмай, нысан бүгінгі таңға дейін пайдалануға берілмеген болатын.

Бүгінгі таңда кемшіліктер мердігер тарапынан жойылып, нысанда орналасқан 4 дана блок модуль құрылғылары іске қосылып, толық көлемде жұмыс жасап жатыр.  Тәулігіне 1200 куб лас шайынды суларды қабылдап тазартуда. Бұл өз кезегінде, қанша жыл ішінде экологиялық зиян келтірген мәселе оң шешімін тапты.

Аудандағы өзекті мәселелердің бірі бұл жер қойнауын пайдалану. Аудан аумағында жер қойнауын пайдалану мақсатында рұқсат құжаттарын алған 24 заңды тұлға бар.  Бекітілген алгоритмге сәйкес, аудан көлеміндегі заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және зерттеу жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелерімен жыл басынан 37 рет рейдттік іс-шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде, мөлшерден тыс жүк артқан (тас, құм, шағал)ауыр жүк көліктеріне жалпы саны 167 хаттама түзіліп,     2,6 млн.теңге айыппұл салынды. Аудан аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалануды және мөлшерден артық жүк тасымалдау мәселелерін түбегейлі шешу үшін ауыр жүк көліктерінің салмағын автоматты түрде өлшеп, әкімшілік хаттамаларды түзетін арнайы құрылғыларды облыстық маңызы бар жолдарға орналастыруға қаржы қарастыру жөнінде облыстық басқармаға ұсыныс берілді (құрылғының құны 147,0 млн.теңге).

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес, барлық ауыл округте халықпен ашық форматта тоқсан сайын кездесулер өткізіліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалады, көтерілген мәселелерді орындау бойынша іс шаралар жоспары бекітілген.

Кездесулердің нәтижесімен аудан көлемінде көтерілген проблемалар сараланып, зерделеу жұмыстары жүргізіліп, орындалуы тұрақты бақылауға алынған.

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның шынайы жаңару кезеңіне қадам басуы жолында алдымызға қойылып отырған тапсырмалар мен міндеттерді бүкіл қоғам болып жұмыла атқаруымыз маңызды. Ендеше, «Бірлігі күшті ел азбайды, Бірлігі күшті ел озады»- деп, дана бабаларымыз айтқандай, бірлігімізді бір арнаға жұмылдырып, жаңарған Қазақстанды құруда бар күш-жігерімізді салып, абыроймен атқарамыз деген сенімдемін», – деді өз баяндамасында Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов.

Жиын соңында журналистер өзінің көкейкесті сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.

Leave a reply