Шымкентте “Ақылды аялдамалардың” санын арттыру жоспарлануда

0
112

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховтың қатысумен ұйымдастырылған пресс-тур аясында БАҚ өкілдері Солтүстік шағын ауданында пилоттық режимде орнатылған «Ақылды аялдама» жобасының жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Aptamedia.kz Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі таңда шаһардағы «ақылды аялдамаға» салқындатқыш, бейнекамера және антивандалды экран орнатылып, халық игілігіне берілген. Мұндай тәжірбие өзге ірі қалаларда сәтті жүзеге асып келеді. Қоғамдық көліктерді күту сәтінде аялдамалар халыққа ыңғайлы болу үшін жан-жақты тиімділігі ойластырылған.

Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, аялдаманың толық аяқталуы үшін бірнеше құжаттары мен ішкі құрылысында орналасқан маршрутты көрсететін LED экран орнатылуы қажет. Алдағы уақытта жоба оң нәтиже берген жағдайда, «ақылды аялдамалардың» санын арттыру жоспарда бар.

Айта кетейік, алдағы уақытта аялдама қосымша жабдықтармен қамтылмақ, яғни ішінде салқындатқыш, бейнекамера, 2 дана LED экран, wi-fi және басқару панелі орналасады. Ал сыртқы бетінде антивандалды жарнамаға арналған экран қойылады.

Leave a reply