Жазира Байырбекова мейрамханаға ат кіргізетіндерді сынады

0
220

Танымал әнші, Жазира Байырбекова мейрамханаға жануар кіргізіп, той жасайтындарды сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің айтуынша, сүндет той, тұсаукесер жиындарында өте жиі көріп жүрген көрінеді.

“Қаладағы екіқабатты мейрамханаларға көтеріліп жүретін, аттарға қарағанда даладағы аттар бақыттырақ. Кеше Хамит інім ұлына сүндет той жасады. Аттарды мейрамханаға кіргізбей, атпен жүретін рәсімді сыртта көрсетті. Жарайсың, інім! Оңтүстікте сүндет той жасаса болды, аттарды қинап той залына кіргізеді. Осы көрініс маған ұнамайды. Аттарға жаным ашығаны-ай!”, – деп жазды әнші.

Әншінің сөзін лезде желі қолданушылары талқылап кетті. Бірі ерекше көрініс береді десе, енді бірі дарақылық деп жатыр.

“Шымкенттіктердің шығарып жүргені ғой”, “Түйе кіргізген тойды да көрдік”, “Қазақ жиған-тергенін тойға шашады”, “Ерекше есте қалатын той жасағылары келіп, той иелерінің ойлап шығарғаны”, “Қолға үйретілген ат болғандықтан, көпшіліктен қорықпайтын шығар”, “Дұрыс айтады, тойға жануар кіргізу – дарақылық”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.

Еске салайық, тойханаға түйе кіргізген той иесі желі қолданушыларының ашуын туғызған еді.

Leave a reply