Әлеуметтік желіде жомарттығымен танымал “бетперде таққан адам” су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға 1 миллион доллар (450 миллион теңге) жинады.
Аты-жөні белгісіз “бетперде таққан адам” Қазақстандағы су тасқыны мәселесінің ауқымын мәлімдеп, пост жариялады.
“Құрметті ағайын, бауырлар! Біз өте ауқымды су тасқыны мәселесіне тап болдық. Еліміздің 10 облысы суға кетіп, төтенше жағдай жарияланды. 108 адам эвакуацияланып, 5000-нан астам үй су астында қалды. 8000 мал қырылды. Қазақстанға жақын Орынбор қаласында да дамбы жарылды. Енді су тасқынының 2-толқыны болады деп болжанып отыр. Біз зардап шеккендерге 1 миллион доллар көмек береміз. Біз көмек қолын созған барлық еріктілерге, құтқарушыларға және селқостық танытпаған тұрғындарға, басқа елдің азаматтарына алғысымызды айтамыз. Біз бірге бұл апатты өткереміз”, – деді белсенді.