ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНДА 362,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

0
92

Түркістан облысында жыл басынан бері өнеркәсіп саласында
362,5 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,2% өсім көрсетті. Оның ішінде: өңдеу өнеркәсібінде 164 млрд. теңге, тау-кен өндіру және карьерлерді қазу бойынша 163 млрд. теңге, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтауда 33 млрд. теңге, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметі 3 млрд теңгені құрады.
Биыл өңдеу өнеркәсібі саласында жалпы құны 18,5 млрд. теңгеге 12 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Нәтижесінде өңір тұрғындары үшін жаңадан 435 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Атап айтқанда:
Жеңіл өнеркәсіп – 2 жоба, 2,5 млрд.тг;
Құрылыс саласы – 3 жоба, 3,5 млрд.тг;
Тамақ өнімдері – 2 жоба, 2,7 млрд.тг;
Жиһаз өнеркәсібі – 3 жоба, 4,6 млрд.тг;
Пластмасса өнімдері – 1 жоба, 2,1 млрд.тг;
Қағаз өнімдері – 1 жоба, 2,5 млрд.тг.
Жалпы Түркістан облысында былтыр 30,2 млрд. теңгеге
20 инвестициялық жоба іске қосылып, 594 жаңа жұмыс орны ашылған. Олардың басым көпшілігі құрылыс саласы мен тамақ өнеркәсібіне қатысты. Аталған жобалардың барлығы демографиялық өсімі жоғары облыс халқын жұмыспен қамтып, тұрмыс сапасының артуына септігін тигізуде.

Leave a reply