Thursday, November 21

КЕЛЕСТЕГІ ОШАҚТЫ АУЫЛЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР САНЫ АРТАДЫ

0
67

Келес ауданы, Ошақты ауылдық округінде 300 орындық мектеп биыл пайдалануға беріледі. Оған қоса Жиделі елді мекенінде 75 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталды. Сондай-ақ Атақоныс, Жиделі және Еңбек елді мекендерінен фельдшерлік-акушерлік пункт салу үшін жер телімдері бөлініп, мемлекеттік актісі рәсімделді.

Бүгінгі таңда ауылдық округ орталығынан «Нұрболат» ЖШС «Азия Мед» медициналық орталығының құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейн 10 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып, Ошақты елді мекенінің тұрғындарына қызмет көрсетуі көзделген. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың Ошақты ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Ошақты ауылдық округі аумағында құс шаруашылығын дамыту және ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жоба» аясында 400 АЕК (1 380 000тг) мөлшерінде әлеуметтік осал топтарға жататын 40 азамат қайтарымсыз қаржы (грант) алған. Нәтижесінде «Ошақты құс» АШӨК құрылып, қайтарымсыз қаржы (грант) алған азаматтар өз кәсіптерін жүргізуде. Округ аумағында өткен жылы жалпы құны 55 млн теңгені құрайтын 3 жоба іске асырылып, 11 адамға жаңа жұмыс орындары ашылды.

Өткен жылы Жетітөбе елді мекенінде 3 380 метр, Қаратал елді мекені 2 380 метр тозығы жеткен электр бағаналары мен сымдары ауыстырылса, Сарыжылға және Береке елді мекендеріндегі ішкі көшелерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы Жетітөбе елді мекені Ғ.Мүсірепов көшесіне, Еңбек елді мекені Ә.Жангелдин көшесіне, Саңырау елді мекені Ішкі көшесіне, С.Саттаров елді мекені С.Сейфулин көшесіне орта жөндеу жұмыстары жоспарға енген. Жалпы Ошақты ауылдық округіндегі егістік жерлерге ағын су Саңырау, Теріс, Тартулы, 8-Ұлан, Игілік каналдары арқылы жеткізіледі. 2023 жылы жалпы ұзындығы 76,2 шақырымды құрайтын 13 канал механикалық тазалаудан өткізілді.

Leave a reply