ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАР

0
90

Түркістан облысындағы ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы туралы айтар болсақ, өткен жылы бұл салада біршама өзгерістер орын алды.Өткен жылғы он екі айда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 1158,7 млрд. теңгені, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі 681,7 млрд. теңгені, мал шаруашылығы өнімі 469,6 млрд. теңгені және ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер 1,3 млрд. теңгені құрады.

Салыстырмалы түрде айтқанда, яғни 2022 жылы бұл саладағы жетістіктің нақты көлем индексі 102 пайызды құраған екен. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 101,9 пайыз, мал шаруашылығы 102 пайыз, ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер 100 пайыз көрсеткішке ие. Аудандар кесіндісінде ең жоғарғы нақты көлем индексі Сарыағаш (110,2%), Сауран (106,1%) аудандарында құрады. Сонымен қатар, 2022 жылдың деңгейінен төмен нақты көлем индекстері Келес және Түлкібас (99,7%), Арыс қаласы (97,7%), Отырар (96,3%) және Шардара (96%) аудандары қалыптасты.Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің шығарылымының жалпы көлеміндегі едәуір үлесі Сайрам (12,1%), Сарыағаш (11,7%), Жетісай (10,2%) және Сауран (8,8%) аудандарына тиесілі. Осылайша бұл салада да айтарлықтай жетістіктер бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы жарияланған болатын. Жолдауда жылдар бойы қалыптасқан ішкі және сыртқы нарықтағы орнымызды сақтап қалу айрықша маңызды екендігі түсіндірілді. Үкіметтің алдында сыртқа шығарылатын өнім нарығының ауқымын жоспарлы түрде кеңейту міндеті тұрғандығы айқындалды. Сонымен қатар, Қазақстанның тауарларын шетелге таныту және шығару үшін тиісті шаралар қабылдаған жөн деп айтқан болатын.

“Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Мұны білесіздер. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек. Сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз”, деді Президент.

Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керектігі айтылды. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн. Мемлекеттің баға реттеу мәселесіне шектен тыс араласуы агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені де шешу керек делінді. Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ахуалды тұрақтандыру ісінде қазіргіден де маңызды рөл атқаруға тиіс. Бұл мекеме қажет кезде интервенция жасап, бағаның өсімін тежеп отырады. Азық-түлік корпорациясы нарықтағы жекеменшік иелерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін, оны сақтайтын және сататын толыққанды желі құруына жәрдемдесуге тиіс.

Leave a reply