Пятница, 18 октября

БӘЙДІБЕКТІКТЕР ЭКОАКЦИЯДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫП ЖАТЫР

0
49

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Бәйдібекте тазалық жұмыстары жалғасуда. Аудан орталығы Шаяндағы көшелер, өзен жағалауы, ғимарат аулаларына сенбіліктер өтуде. Әкімдік қызметкерлері ретсіз өскен шөптерді ору, талдардың түптерін әктеу, қопсыту, қоқыстарды тазалау жұмыстарын атқаруда. Тазаланған қоқыстар арнайы орындарға техникалармен шығарылды.

Экологиялық акцияға аудандағы елді мекен тұрғындары да белсене қатысып жатыр. Ауылдық округтердегі мекеме аулаларына тазалық жұмыстары жүргізіліп, ғимараттар мен шарбақтарды әктеу және сырлау, көше бойларындағы қоқыстарды тазалау жұмыстары атқарылуда. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары алдағы күндері жалғасын табатын болады.

Аудандағы барлық елді мекендердегі мекеме қызметкерлері, жастар қазыналы қариялардың үйлеріне барып, аулаларына тазалық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Атап айтқанда, Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шыбыт елді мекеніндегі Ы.Алтынсарин атындағы мектептің ұстаздары мен оқушылары батыр ана Валентина Жұмабекованың үйіне барып, ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар аталған ауылдық округіне қарасты Тасқұдық мектебінің оқушылары мен ұстаздары да тыл ардагері Фатима Әлімбекованың шаңырағында болып, ауласын тазалау, бақшасының жерін аудару, көгалдандыру жұмыстарын атқарды.

Елімізде экоакция аясында өткізіліп жатқан шараға белсенділік танытып, шаңырағына арнайы келіп көмек қолын созып жатқан ұстаздар мен оқушыларға алғыстарын білдірген ақ жаулықты аналар баталарын берді.
Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шыбыт елді мекеніндегі Ы.Алтынсарин атындағы мектептің ұстаздары мен оқушылары батыр ана Валентина Жұмабекованың үйіне барып, ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар аталған ауылдық округіне қарасты Тасқұдық мектебінің оқушылары мен ұстаздары да тыл ардагері Әлімбекова Фатиманың шаңырағында болып, ауласын тазалау, бақшасының жерін аудару, көгалдандыру жұмыстарын атқарды.

Leave a reply