Төлебилік шаруа жылына 300 тонна балық өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр

0
73

Түркістан облысында балық шаруашылығы жақсы дамып келеді. Мемлекет тарапынан да қолдау күшейтілген. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыста балық шаруашылығын дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие мен субсидиялар беру және осы салаға инвесторлар тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінде Төлеби ауданында балық өсіруді қолға алған кәсіпкерлердің саны артып келеді. Соның бірі жеке кәсіпкер Нұрлыхан Әшірбеков. Ол басқарып отырған «Шымкент Балық» ЖШС-і жылына 300 тонна балық өндіруді жоспарлап отыр. Серіктестіктің жұмысымен аудан әкімі Төлеген Телғараев арнайы барып танысты.
Кәсіпкер 3 гектар аумаққа 7 арнайы бассейн салған. Онда балықтың форель түрінің 3 000 данасын өсіріп жатыр. Жалпы аудан аумағында балық шаруашылығымен 14 кәсіпкер айналысады. Шаруашылықтар негізінен балықтың бекіре, форель, сазан, дөңмаңдай, ақ амур түрлерін өсірумен айналысады.

“Облыс әкімінің тапсырмасын іске асыру мақсатында аудан, қала әкімдіктері кесіндісінде 2023-2025 жылдары жаңадан балық шаруашылықтарын ашу, іске асыру жоспары бекітіліп, жолданған болатын. 2023 жылға бекітілген 6640 тонна тауарлы балық өндіру бойынша аудан, қала әкімдіктері кесіндісінде жоспар жасалып, орындау үшін жолданды. Бүгінде бұл бағытта нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Балық шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Сондай-ақ, саланы дамыту үшін инвесторлар тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев.

Leave a reply