ТҮРКІСТАН: АРЫСТА 100-ДЕН АСТАМ БҰЛАҚ КӨЗДЕРІ ТАЗАЛАНДЫ

0
104

«Су анасы – бұлақ» дейді дана халқымыз. Өзендердің өзі бастауын бұлақтан алады. Бұлақ көрсең – көзін ашудың өзектілігі де осында. Осы орайда, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығы қарсаңында аудан аумағындағы бұлақ көздерін ашу және айналасын күл-қоқыстан тазарту мақсатында сенбіліктер өтіп жатыр. Сауапты шара барысында елді мекен маңдарындағы 100-ден аса бұлақ көздері аудан және ауыл әкімдіктерінің қызметкерлері және арнайы техника күшімен тазаланды. Дәл осындай игі шара Кемербастау ауылының үстіндегі аудан орталығын ауыз сумен қамтып отырған бұлақ басында да жүргізілді. Ол жерде «Тұраркент-су» мекемесі және жергілікті әкімдік қызметкерлері сенбілік ұйымдастырып, бастау айналасын тазалады.

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының басталғаны белгілі. Соның аясында әр аптада бекітілген тақырыптар бойынша аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Науқанның бірінші аптасы, 6-13 сәуір аралығында «Таза өлке» ұранымен Арыс қаласы мен ауылдарда тазалық акциясы өтуде. Оның аясында, қала ішіндегі аяқ су жүретін арық-атыз көздері аршылып тазалануда. Және орталық көшелер мен саябақтарда түнгі жарықшамдар ретке келтіріліп, шым төсемелер қырқылып ретке келтіріліп жатыр. Бұдан бөлек, жолдағы қозғалыс пен жүргіншілерге қиындық туғызатын тал-дарақтарды күзеу, әктеу жұмыстары да қарқын алды.

Айта кетерлік, жалпы аудан аумағында 200-ге жуық бұлақ көзі бар. Аймақтағы 59 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған болса, соның 46-сы бұлақ көздерінен су алады. Қалғаны ұнғыма арқылы қамтылған.

Leave a reply