САУРАН АУДАНЫНДА МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ

0
78

Түркістан облысына қарасты Сауран ауданында өңірді дамыту бойынша бірқатар жобалар қолға алынуда. Нақтырақ, өңірді дамыту бағытына ден қойылып, түрлі жобалар талқыланып жатыр. Аудан ауылшаруашылығына бейім орын. БҰған дәлел, жуықта Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Жаңа Жібек жолы» ЖШС-нің құрылтайшысы Нұртай Шайакыметпен кездесті. Сонымен бірге қабылдауға келген шетелдік инвесторлармен келіссөз жүргізді. Облыс әкімі өндіріс орнын ашам, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгіземін дейтін азаматтарға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

– Түркістан өңіріне қош келіпсіздер. Түркістан – елімізде мақта өсірілетін жалғыз облыс. Сондықтан осы саланы мейлінше дамытып, мақта кластерін қалыптастыруды көздеп отырмыз. Осы бағытта жұмыстар жүруде. Біз мақта сұрыбын жақсартып, мақтаны терең өңдейтін зауыттар ашамыз. Сіздер ұсынған жобаларды қарастырып, қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.

«Жаңа Жібек жолы» ЖШС-нің құрылтайшысы Нұртай Шайакымет Сауран ауданында мақта шаруашылығын дамыту бағытында жүзеге асырғалы жатқан жобаларын таныстырды. Біріншісі – Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округінде су үнемдеу техногияларын пайдалана отырып жоғарғы сортты мақта дақылын өндіру көзделген. Жоба құны – 1,5 млрд. тенге. Жер көлемі – 1000 га, іске асыру кезеңі – 2024-2025 жылдар аралығы, 30 адам жұмыспен қамтылады. Екінші жоба – Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округінде су үнемдеу техногияларын пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін дамыту. Жоба құны – 500 млн тенге, жер көлемі – 518 га. Мұнда 200 га жерге тұқымдық мақта, 200 га жерге тәтті жүгері және 118 га жерге ащы бұрыш егу көзделген. 2024-2025 жылдары жүзеге асатын жоба арқылы 15 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен бірге Ескі Иқан ауылдық округінде замануи технологиялар қолданылған мақта өңдеу зауытын салу көзделген. Жоба жүзеге асса, 120 адам жұмыспен қамтылады. Бұл жобалардың бастамашысы – «Жаңа Жібек жолы» ЖШС.
Кездесу барысында өңір басшысы аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына инвесторға сүймелдеу жұмысын жүргізуді, инфрақұрылым бойынша көмектесуді тапсырды.

Leave a reply