КЕЛЕСТЕ АУЫЛ МЕДИЦИНАСЫН ДАМЫТУДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНЫП ЖАТЫР

0
100

Түркістан облысына қарасты Келес ауданы, Ынтымақ және Жаңадәуір ауылдарында дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Бұл ғимараттар кең әрі ыңғайлы болмақ.

Ғимараттың құрылысын «Emaar» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда ғимараттардың іргетасы қалануда. Биылғы шілде айында басталған құрылыс нысаны жыл соңында қолданысқа беріледі. Құрылыс алаңы 0,4 гектар аумақты құрайтын дәрігерлік амбулатория 1 қабатты болады. Құрылысқа тапсырыс беруші – Түркістан облысының құрылыс басқармасы.

Айта кетейік, Жаңадәуір елді мекенінде бүгінде 1 876 тұрғын болса, Ынтымақ ауылында 2 452 адам тұрады. Олар бүгінгі күнге дейін Ақтөбе ауылдық округінің орталығы Лесбек Батыр елді мекенінде орналасқан емханаға барып, қызмет алып жүрген болатын. Осыған дейін аудан әкімі аппаратының басшысы Абдрахманов Бахтияр Оралбайұлы Абай ауылы аумағын тазалық жұмыстары бойынша аралады. Аралау барысында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары мен көп қабатты үйлердің маңы, сонымен қатар орталық саябақ және Жылқышиев аллеясының жай-күйін тексерді. Аппарат басшысы ондағы шыршаларды қырқу, біркелкі етіп ретке келтіру, суару жұмыстары жүргізу қажет екендігін атап өтті. Сондай-ақ жауапты басшыларға Абай ауылы аумағындағы «Араншы – 1» каналы мен білім ошақтарының аумағында толық тазалық жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін баяндауды тапсырды.

Ауыл ішіндегі тазалық жұмыстарымен танысып болған соң аппарат басшысы қыш зауытында орналасқан арнайы күл-қоқыс тастайтын полигон басына барды. Тексеру барысында аудан аумағында орналасқан тұрғын үйлерден шыққан сарқын суларды, полигоннан тысқары жерлерге су тартқыш (водовоз) техникалары арқылы тасымалдап төгіп жатқан азаматтар анықталды. Нәтижесінде тәртіпті бұзған азаматтарға тиісті хаттамалар түзіліп, заң аясында тиісті мөлшерде айыппұлдар салынды.

Leave a reply