«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТӨЛЕБИЛІКТЕР ДЕМАЛЫС АЙМАҚТАРЫНДА СЕНБІЛІК ӨТКІЗДІ

0
57

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар жүйелене түсті. Облыс бойынша тазалық және абаттандыру жоспары бекітіліп, әр сала өкілдері ретімен тұрақты түрде сенбіліктерге шығуда. Облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы бағыттағы жұмыстар тағы да бір италқыланып, тиісті тапсырмалар берілді. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауаптыларға жұмысты ширатуды тапсырды. Осы тұста Төлеби ауданы әкімдігі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына үлестерін қосты. Сенбілікке жиылғандар Алатау ауылдық округі, Ақмешіт шатқалының демалыс орындар аймағында сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Тазалық іс-шарасы барысында таулы аймақта орналасқан демалыс орындары маңында, өзен жағалауларының бойында қоқыстарды тазалап, қураған ағаштар алынды. Жастар экоакцияға белсенді атсалысып, 1 тоннаға жуық қоқыс шығарды.

Осыған дейін облыс әкімі жауаптыларға Нысандарды әктеу, сырлау, жөндеу жұмыстары тұрақты жүргізілсін. Спорт, білім, мәдениет және өзге де мекемелер, мешіттер таза әрі сәнді болып, жан-жағы көгалдандырылуы тиіс. Гүлдер егілсін. Әр мекемеге жауапты басшы осы жұмысты үйлестірсін. Аудан, қала әкімдері, жауапты басқарма басшылары аймақтарға тұрақты түрде мониторинг жасаңыздар. Ретсіз шашылған қоқыс болмауы керек деген болатын.

Осы орайда, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң қызметкерлері барша қазақстандықтарды тазалық акциясына атсалысып, үй маңын таза ұстауға, құрылыс қалдықтарын арнайы орынға тастауға шақырды.

Leave a reply