Четверг, 19 сентября

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»:ТҮЛКІБАСТА ЭКОАКЦИЯҒА АУДАН БЕЛСЕНДІЛЕРІ АТСАЛЫСТЫ

0
44

Таза Қазақстан экоакциясы аясында Түлкібас ауданында барлық елді мекендер маңындағы бұлақ көздерін ашып, айналасын күл-қоқыстан тазарту шарасы қарқынды атқарылуда.
Дәл сондай, аудан орталығының батыс беткейінде орналасқан бұлақ көздерін аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлім мамандары арнайы барып, ашып, айналасын және жаңынан ағып өтетін Арыс өзенінің жағалауын күл қоқыстан тазарты. Игі шараға екі жүзге жуық мемлекеттік мекеме қызметкерлері ат салысып, 28 қап күл-қоқыс жианады.

Елімізде сәуір айынан бері жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экоакциясы Түлкібас ауданында жалғасын тапты. Табиғаты тамаша аудандағы жасалынған тазалық шарасына Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-ң Түлкібас аудандық филиал ұжымы, Түлкібас аудандық Ақсақалдар кеңесі, Медиация кеңесі мен Түлкібас ауданы Ішкі саясат бөлімі қызметкерлері, аудандағы БАҚ өкілдері, «Аманат» партиясы, Жастар ресурстық орталығы қызметкерлері қатысты.

Іс-шараға барлығы 50-ге жуық табиғат жанашыры үлес қосып, өңірдегі демалыс орындарды, республикалық маңызы бар автожол жиегін, бұлақ көздерін ашуға көмегін тигізді. Сонымен қатар, аталған акцияға аудан тұрғындарын да белсенді қатысуға шақырып, көркіне көз тоймайтын өңірге жанашырлықпен қарау керектігін тілге тиек етті.

Жыл бойы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Науқан басталғалы еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды тазалық шаралары ұйымдастырылып, сенбіліктер өтуде. Шараларға мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, тұрғындар да белсене қатысуда. Ел азаматтарының белсенділігі туралы Мемлекет басшысы да пікір білдірді:

-«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясына жүздеген мың адам қатысып, ондаған мың тонна қоқыс жиналды. Мен оларға ризашылығымды білдіремін. Бұл акция тұрақты түрде жалғасады. Аулаларымыз бен көшелеріміздегі, саябақтар мен қорықтардағы, өзен-көлдердегі тазалық пен тәртіптің сақталуы барша азаматқа тікелей байланысты. Біз қоғам ретінде айналамыздағы тазалықтың қадірін біліп, басқа адамдардың еңбегін құрметтеуді үйренуіміз керек-, деді мәлімдемесінде.

Жуырда https://t.me/TazaQazBot боты іске қосылды. Бұл қосымша арқылы ел азаматтары қоқыстарды, тұрмыстық қалдықтарды жинауға, сондай-ақ қаланы абаттандыруға қатысты басқа да мәселелерге өтініш бере алады. Азаматтар өздері туралы мәліметтерді жазып, одан соң тазаланбаған аумақтар жайлы ақпарат беру арқылы акцияға өз үлесін қоса алады.

Leave a reply