Четверг, 19 сентября

САЙРАМ: ЖҮЙНЕК АУЫЛЫНДА 400-ДЕН АСА АДАМ ҚАТЫСҚАН АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

0
74

Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 400-ден аса адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті. Сенбілікке ауданға қарасты 12 ауылдық округінен азаматтар қатысып, ауылдық округтің орталық, басты көшелеріне тазалық жұмыстары жүргізілді. Бұндай асарлату мақсатымен өткізілетін сенбілік апта сайын әр ауылдық округтерінде тұрақты жалғасын табады.
Тазалық акциясына Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров қатысты. Сондай-ақ, аудан басшысы тазалық жұмысының барысымен танысу үшін Жүйнек ауылдық округінің аумағын арнайы аралап көрді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы негізінде аудан көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ауқымды түрде жүзеге асып келеді. Бүгінгі сенбілікке 10-ға жуық техника және 400-ден аса адам күші жұмылдырылды. Тазалықты сақтау — әрбір азаматтың негізгі міндеті. Ауданымыз, ауылымыз өзімізге керек. Туған өлкемізді өзіміз таза ұстап, аялауды қолға алуымыз қажет. Тұрғындар да ауқымды жұмыстарымызға тазалықты сақтау арқылы үлес қосса дейміз», — деді аудан әкімі Мақсат Таңғатаров.
Мемлекеттік мекеме қызметшілері мен ақылы қоғамдық жұмысшылар, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала, ауыл ақсақалдары, коммуналдық мекемелер, жастар және аудан тұрғындары атсалысқан тазалық акциясында 60 тонна қоқыс шығарылды. Сенбілік жұмыстары алдағы апталарда да тұрақты өз жалғасын табатын болады.

Leave a reply