САУРАН: “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 14 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

0
59

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. Бұл бастаманы Түркістан облысының белсенді жастары қуанышпен қабылдап, тұрақты түрде тазалық жұмыстарын жүргізуде.

Ел көлемінде тазалықты қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы қолға алынды. Аталған жоба аясында Түркістан облысының барлық қала, аудандары тазалық жұмыстарын бастап кеткен.
Бүгін аудан көлемінде “Таза Қазақстан” эко акциясы аясында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке ауылдық округ тұрғындары мен мекеме қызметкерлері біркісідей атсалысып, жол жиектері мен көшелердегі қоқыс пен қалдықтарды шығарып, ауданның тазалығына өз үлестерін қосты.

Сенбілік жұмыстары барлық 12 ауылдық округінде және Шорнақ елді мекені, Кентоғай көшесі мен қосалқы жол бойында өтті. Аудан бойынша ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына – 186 адам қатысты. Нәтижесінде 14 тонна қоқыс шығарылып, оған 8 техника жұмылдырылды.

Бұл шара жолда жүрген жүргізушілер мен жолаушылар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға және жол жиегінің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталады. «Тазалық – денсаулық кепілі» екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан аудан тұрғындарына, өз аулала

Leave a reply