Ішкі рейстерге енді цифрлық құжаттарды пайдалануға болады
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Цифрлық даму министрлігімен, “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларымен бірлесіп, “Air Astana” әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Алматы және Алматы-Нұр-Сұлтан бағыттарындағы рейстерінде цифрлық құжаттарды пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске қосты, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Бүгіннен бастап электрондық жеке куәлікті EGOV mobile қосымшасы арқылы көрсетілген әуежайларда тіркеу, тексеру және отырғызу пункттерінде қолдануға болады.
Дегенмен, жолаушыларда жеке куәліктерінің түпнұсқасы да болғаны жөн. Өйткені, пилоттық жоба кезінде цифрлық құжаттар жолаушының мәртебесін тексерудің балама нұсқасы болады.
EgovMobile-дағы “цифрлық құжаттар” қызметімен генерацияланған QR-code есептеу бойынша “Е-document” бағдарламалық қамтамасыз ету жүйесі Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен бірлесіп әзірленді.
Жоба Мемлекет басшысының жеке куәліктер, дипломдар мен құқықтарды электрондық түрде беру жөніндегі процестерді цифрландыру және мемлекеттік органдардың жұмысына енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында енгізілді.
Aviata.kz – үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.