Четверг, 19 сентября

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ӨРКЕНИЕТ АУЫЛЫНДА ӨТКЕН СЕНБІЛІККЕ 200-ДЕН АСА АДАМ ҚАТЫСТЫ

0
42

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы Мақтаарал ауданында бесленді жалғасуда.Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Осы ретте ауданға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округте сенбілік жұмыстарын тұрақты жүргізу бойынша арнайы жоспар бекітілген. Жоспар бойынша бүгін Бірлік ауылдық округі Өркениет елдімекенінде сенбілік жұмыстары өтті. Округ әкімдігі, ауыл билері мен ардагерлері, әжелер алқасының бастамасымен өткен тазалық шарасына барлық мемлекеттік мекемелер, кәсіпкерлік нысандардың ұжымдары мен тұрғындар атсалысып, барлығы 200-ден аса адам қатысты.

Тазалық жұмыстары барысында 2 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылып, арық-атыздардың бойы, ішкі көшелер, аяқжолдар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпкерлік нысандар күл-қоқыстан арылды. Сонымен қатар, ағаштар ақталып, аялдамаларға әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстарға белсенді жастар мен еріктілер де атсалысты.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу комитетінің 2024 жылғы 10 шілдедегі хатына сәйкес, «Таза жағалау» экологиялық акциясы аясында Мақтаарал ауданында Сырдария көпірі (Жаңа көпір) мен Азаттық елдімекені аралығындағы А-15 республикалық маңызы бар автомобиль жолының (10 шақырым) бойында сенбілік жұмыстары өтті.

Аталған сенбілік жұмыстарына жалпы 500-ге жуық мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер қатысып, 3 дана техника тартылып, 8 тоннаға жуық қоқыс арнайы қоқыс полигонына шығарылды.
Бұдан бөлек, барлық кенттер мен ауылдық округтерде сенбілік жұмыстары жалғасын тауып, 800 жуық ауыл тұрғындары мен ақылы қоғамдық жұмысшылар тазалық шарасына атсалысты. Кенттер мен ауылдық округтердегі каналдар мен арықтар, көше бойлары тазаланып, 13 дана техника тартылып, 18 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Айта кетейік, өткізілген барлық іс-шаралар аудандық, облыстық БАҚ беттерімен әлеуметтік желілерде және жергілікте телеарнада жариялануда.

Leave a reply