ШАРДАРАДАҒЫ ҰЗЫН АТА АУЫЛЫНДА АКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ
Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында, Ұзын ата ауылдық округінде сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына 100-ге жуық адам, 3 техника қатысып, 6 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сенбілік барысында алты ішкі көшеден бөлек, Шардара-Арыс тасжолының бойы арамшөптерден тазартылды. Сонымен қатар Республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының аясында облыстық маңызы бар Шардара-Жетісай бағытындағы 30 шақырым жол бойын ретсіз жатқан қоқыстардан тазалау мақсатында жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды. Шараға түрлі мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындарынан 300-ге жуық адам мен 4 техника жұмылдырылып, 7 тоннаға жуық қоқыс жиналды.
Сонымен қатар акция аясында, Ұзын ата ауылдық округінде сенбілік жұмыстары жүргізілді. Тазалық шарасына 100-ге жуық адам мен 3 техника тартылып, 6 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Сенбілік барысында алты ішкі көшеден бөлек, Шардара-Арыс тасжолының бойы шөптерден тазартылды. «Елімізді таза ұстау, көгалдандыру, абаттандыру – мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл – бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бірреттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл – жалпыұлттық мәселе». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деген еді.
Осы орайда “Егізқұм жалпы білім беретін мектебінде” мектептің кіші қызметкерлерімен мектеп ауласын шөптен, қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.