ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕПТІРІЛГЕН ЖЕМІСТЕР ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН АШЫЛАДЫ
Түркістан облысында кептірілнен жемістерді жаңа технологиямен шығаратын кәсіпорын ашылады. Жаңа жобаға ауғанстандық инвесторлар есебінен 1 миллион АҚШ доллар көлемінде инвестиция салынады.
Бүгін «Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Берік Кенжебаев шетелдік инвесторлармен кездесіп, келіссөз жүргізді. Нәтижесінде «Түркістан» ӘКК» АҚ және «TURKISTAN INVEST» ИТЭДАА» ЖШС-мен «Талифа» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Кәсіпкерлер дайын өндіріс алаңын және экобазар аумағындағы сақтау қоймаларын аралап көрді. Инвестициялық жобаның басты мақсаты – сұранысы жоғары кептірілген дайын өнімдерді облыс аумағынан шығарып, жергілікті тұрғындарды жеміс-жидектермен қамтамасыз ету. Кептірілген жемістерді «Made in Kazakhstan» маркасымен шетелдерге экспортқа шығару.
Кептірілген жемістердің кең ассортиментін дайындау мақсатында жергілікті кооперативтер мен жеке шаруашылықтарға инновациялық технологияны енгізу мен тарату жоспарлануда. Сондай-ақ ауқымды жоба халықты қосымша жұмыспен қамтамасыз етуге де ықпал етеді. Жоба толық жүзеге асқан жағдайда жергілікті 70 адам жұмыспен қамтылады.