ТҮРКІСТАН: «ФАРАБ» КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҰЖЫМЫ ТАЗАЛЫҚ НАУҚАНЫ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

0
88

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы облыс орталығындағы «Фараб» кітапханасының аумағында жалғасын табуда. Бүгінде кітапхана ұжымы сенбілік ұйымдастырып, нәтижесінде аумақты күл-қоқыстар мен ретсіз өскен шөптерден тазартты. Атқарылған жұмыстарға 35 мекеме қызметкері жұмылдырылған.

Жалпы Түркістан облысында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, елді мекендерде санитарлық тазалықты сақтау мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар қарқынды атқарылуда. Облыста алғашқы апталықта барлық 17 қала-ауданда тазалық жұмыстары мен көшет-гүл егу жұмыстары жүрді. Нәтижесінде 2 839 көшенің бойы тазаланып, 139 250 түп көшет отырғызылды. Сондай-ақ, 144 431 дана ағаш әктеліп, 58 407 шаршы метр аяқ жолдары тазаланды. Бұдан бөлек, 346 саябақ мен скверлер ретке келтіріліп, 298 балалар және спорт алаңшаларында тазалық жұмыстары жүрді. Сонымен қатар жалпы 272 шақырым өзен-каналдар мен бұлақтардың арналары ашылды. Ал 13 сәуір күні жалпы сенбілік өткізіліп, 1 031 тонна қоқыс шығарылған. Іс-шараға облыс бойынша 25 мың адам тартылып, 316 техника жұмылдырылды.

Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында ауқымды шара жалғасуда. Аталған шараға тұрғындар, мемлкеттік мекемелер мен кәсіпкерлік ұйымдар, белсенділер мен еріктілер қатысты. Акция аясында бекітілген аумақтарда тазалық және ағаш көшеттерін егу жұмыстары жүргізіліп, ағаштар әктелініп, аяқ жолдар қоқыстан тазартылды. Саябақтар және скверлер, балалар және спорт алаңшалары ретке келтірілді. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Жалпы, биыл көктем айларында қала аумағына және саябақтар мен көшелерге, тағы басқа нысандарға 104 300 түп көшет егілді. Атап айтқанда, терек, емен, ива, үйеңкі, катальпа, арша, кіші жапырақты қарағаш, өрік, аморфа егіліп, қаланың сәніне сән қосты. Шаһарда 200 мың түп гүл отырғызылуда. «Таза Қазақстан» акциясы бұл жұмыстарға айрықша серпін беріп жатыр. Көгалдандыру жұмысы күшейе түсті.

Leave a reply