Четверг, 19 сентября

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДАҒЫ ӨГЕМ ТАУЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

0
88

Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы Түркістан облысында қарқынды жүруде. Келесі тазалық жұмыстары Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң ұйымдастыруымен «Жастар шыңы – 2024» іс-шарасы өтті. Аталмыш шараға Қазығұрт ауданының әкімі А.Исмаилов, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң басшысы Е.Бектаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Көшкінбай, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Серкебаев, сондай-ақ облыстың әр аймағынан жиналған 50-ге жуық жас қатысты.

Экобелсенділер ағаш түптерін әктеп, жасыл желектің түптері мен жол жиектерін арамшөптерден тазалады. «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – үйіміз бен туған жерімізді таза ұстау, қоқыс шашпау, халық арасында экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениетті сақтауды үйрету.
«Таза Қазақстан» акциясы басталған сәуір айынан бері Түркістан облысы бойынша облыстағы 2500-ден астам білім беру ұйымдарында (1421 балабақша, 1052 мектеп, 50 колледж) экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықты қоршаған ортаны ластамауға үйрету.

«Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркіне» қарасты Өгем тауына арнайы ұйымдастырылған саяхаттың негізгі мақсаты – өңірдегі экотуризмді дамыту, киелі орындар мен тарихи мекендерді жастар арасында кеңінен насихаттау. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Jasyl Marathon 24» атты плоггинг болып өтті. Шарада Өгем тауының бөктеріндегі қоқыстар жиналып, арнайы техникалардың көмегімен полигондарға жеткізілді.

Тазалық жұмыстарынан кейін аудан әкімдігі, облыс жастары, Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары мен ерікті жастар арасында волейболдан турнир өтті. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ң командасы иеленді. Ал 2-орынға «Түркістан» командасы табан тіресе, 3-орын «Қазығұрт ауданы әкімдігінің» командасына бұйырды. Жеңімпаз атанған командаларға аудан әкімінің атынан естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Leave a reply