КЕНТАУЛЫҚ ДИҚАНДАР ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ БІРҚАТАР ЕГІН ТҮРІН ӨСІРУДЕ

0
63

Жалпы өңірімізде ағын су тапшылығы жыл сайын өзекті мәселеге айналып келеді. Сондықтан да осы қиындықтардың алдын алу үшін жаңа технологияларды игерудің маңызы зор. Осы мақсатта бүгін Отырар ауданы Балтакөл ауылында ауыл шаруашылығы мамандарының қатысуымен «Тамшылатып суғару әдісін енгізу» жобасы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін ұлғайту жөнінде семинар-кеңес өтті.

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылы егіншілікке бейім аумақ саналады. Ауыл тұрғындары бос жатқан жерлерге егін егіп, отандық өнім түрлерін өндіруге үлестерін қосып келеді. Атап айтсақ Кентаулық «Эрмет ата» шаруақожалығы егіннің бірнеше түрімен айналысуды қолға алған.

Шаруақожалық 2006 жылдан бері жұмысын жалғастырып келеді. Биыл 6 га жерге бау-бақша, 4 га жерге бидай, 5 га жергке жоңышқа, 2 га жерге жүзім, 5 га жерге қарбыз еккен. Барлығы тамшылатып суғару әдісімен өсірілуде. Өнімдері дайын болғанда бірқатар ауыл тұрғындары уақытша жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Шаруақожалықтың иесі, Әлішер Эрметұлының айтуынша, жемістердің басым көпшілігі Өзбекстан елінен әкелініп, осында көбейтілуде.

– Шаруашылықпен айналысу оңай емес. Қажет шараларды жасап, мол өнім алуға еңбектенудеміз дейді, – шаруа иесі Әлішер Эрметұлы. Бүгінде жиналған өнімдер Кентау, Түркістан қалаларынан бөлек, басқа да аудан-қалаларға тасмалдануда. Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында аймақтарға ауыл шаруашылығының егіс алқаптарында суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, мейлінше құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту, су үнемдейтін технологияны көптеп енгізу және суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру жөнінде тапсырма берген болатын.

Leave a reply