ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ҚОС БІРДЕЙ БАЛАБАҚША ЕЛ ИГІЛІГІНЕ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

0
44

Арыс қаласына қарасты Отырар, Почтовый тұрғын аудандарында қала күні мерекесі қарсаңында қос бірдей балабақшаның жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді. «Нұр Аяла» бөбекжай балабақшасының ашылуына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Тәңірберген Әсіл, зиялы қауым өкілдері мен ата-аналар қатысты. Жиында қала басшысы сөз сөйлеп, барша тұрғындарды ашылу салтанатымен құттықтады.

Айтулы күнде қала ішінде кезекті балабақшаның лентасы қиылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Игі шараға қала тұрғындары, ата-аналар мен балалар, сондай-ақ құрметті қонақтар қатысты. Жаңа балабақшаның ішін аралап көрген қала әкімі өз сөзінде бұл балабақша балалардың толыққанды дамуы мен тәрбиесіне үлкен үлес қосатынын атап өтті. Заманауи үлгіде салынған балабақшаның сыйымдылығы 100 балаға арналған. Мұнда баланың дамуына барлық жағдай жасалған. Арнайы мамандардан бастап, қажетті құралдармен толық қамтылған. Бала қауіпсіздігі үшін ішкі және сыртқы бейнекамералар орнатылып, жоғары жылдамдықты интернетпен, акт залы және музыка кабинеттері де қарастырылған. Аталған мекеме бүгінде 16 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Жалпы Арыс қаласында мектепке дейінгі 59 ұйым бар. Оның ішінде 10-ы мемлекеттік болса, қалған 49 балабақша жекеменшік. Онда 5 841 бала тәрбиеленуде.

Заманауи үлгіде салынған балабақшаның сыйымдылығы 100 балаға арналған. Мұнда баланың дамуына барлық жағдай жасалған. Арнайы мамандардан бастап, қажетті құралдармен толық қамтылған. Бала қауіпсіздігі үшін ішкі және сыртқы бейнекамералар орнатылып, жоғары жылдамдықты интернетпен, акт залы және музыка кабинеттері де қарастырылған. Аталған мекеме бүгінде 16 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Почтовый тұрғын ауданында орналасқан «Абудин» балабақшасының сыйымдылығы 140 орынды құрайды. Жаңа балабақша заманауи стандарттарға сай салынған. Қосқабатты балабақшада балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін барлық жағдай жасалған. Мекеме заманауи құралдармен жабдықталған және жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарламалармен толықтырылған.

Leave a reply