КЕЛЕСТЕ АУДАН КӨЛЕМІНДЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
83

Президентіміз бастаған «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауданымызда сенбілік жұмыстары қарқынды жалғасуда. Акцияның басты мақсаты – қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту болып табылады.

Осыған байланысты аптаның сенбі күнінде аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тапсырмасымен, аудан көлемінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Әр ауыл және ауылдық округтер өздеріне қарасты аумақтарды күл-қоқыстардан тазартып, серпінді сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды. Тазалық іс-шарасына мекеме қызметкерлері мен қоғамдық қызметкерлер қатысып, арнайы техникалар жұмылдырылды. Алдағы уақытта да бұл тазалық науқаны әр апта сайын ұйымдастырылып, жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы өте жоғары деңгейде жалғасып жатыр. Үш апта көлемінде мыңдаған көшет отырғызылып, елді мекендер мен көшелер тазаланды. «Киелі мекен» апталығында қасиетті орындар мен ескерткіштер маңы тазаланып, туристік нысандардың ажары ашыла түсті. Жалпы «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығының аяғында Түркістанда ауқымды экологиялық іс-шаралар өтіп келеді.

Leave a reply