Четверг, 19 сентября

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДАҒЫ АУЫЛДАРҒА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛІП, КӨПІР ЖӨНДЕЛУДЕ

0
42

Сауран ауданы Қарашық елді мекеніндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары басталды. Аудан әкімінің халықпен кезекті кездесуінде аталған мәселе ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше рет көтерілген болатын. Осы орайда аудан әкімі Мақсат Таңғатаров жол жөндеу жұмыстарын арнайы барып қадағалады.

Асфальт төсеу жұмыстары ең алдымен халық тығыз орналасқан және инфрақұрылым жүйесі толық жүргізілген көшелерде атқарылуда. Қалған көшелерге кезең- кезеңімен асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жолдас Мырзабековтың мәлімдеуінше, Қарашық елді мекеніндегі Құдайқұлов, Қарнақ, Қарашық, Навои және Әл-Фараби көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында «Altai Building LTD» ЖШС мекемесі жүргізуде.

Сонымен қатар, өңір басшысы Бабайқорған елді мекеніндегі Қисық Шоқпар және Қонаев көшелерінің бойындағы жаңа көпірдің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде.

Leave a reply