ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӨЗІНДЕ ЖАЛПЫ ЕГІЛГЕН ЕГІС КӨЛЕМІ 2459 ГЕКТАР АУМАҚТЫ ҚҰРАЙДЫ

0
49

Түркістан облысында 2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектарға енгізу жоспарланған. Биыл алты ай көлемінде облыста 13,1 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізілген. Оның ішінде, 8,1 мың гектарға тамшылатып суару, 5 мың гектарға жаңбырлатып суару технологиялары орнатылған.

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Созақ ауылының іргесіндегі «Болыс ата» шаруа қожалығында болып, өнім көлемімен танысты. Қожалық төрағасымен тілдесіп, мемлекет тарапынан шаруаларға берілетін жеңілдіктер жөнінде ұсынысын тыңдады. Аудан басшысы ол бойынша жауапты мамандарға тапсырма жүктеп, өз бақылауына алатынын жеткізді.

Қожалық төрағасы Шәріпжан Рысметов көкөніс, бақша және жоңышқа дақылдарымен таныстырды. Өнімінің көлемі мен онда орнатылған жаңбырлатып суғару қондырғысының тиімділігіне айрықша тоқталды. Биылғы жылы «Болыс ата» шаруа қожалығы 15 гектар аумаққа жүгері, қауын-қарбыз, картошка, асқабақ, жоңышқа сынды дақылдарды өсіруде. Өнімінің алғышқы бөлігін сатылымға шығарып, халыққа қол жетімді бағада ұсынуда.
Айта кетейік, биыл Созақ ауылдық округінің өзінде жалпы егілген егіс көлемі 2459 гектарды, бау-бақша өнімдері 69,88 гектар аумақты құрайды.

Республикада астықты ору науқаны Түркістан облысынан басталды. Бүгінде жоспарланған егіс көлемінің 248,2 мың гектары орылып, 624 мың тонна астық жиналды. Ал, өңірде жылыжайлар көлемі 1 640 гектарды құрайды. Бүгінгі күнге жылыжайлардан 152,4 мың тонна өнім шықты. Сондай-ақ, облыс мал шаруашылығын дамытуда елімізде жетекші орында. Республикадағы ірі қара мал санының 14 пайызы, қойдың 23 пайызы, жылқының 11 пайызы, түйенің 15 пайызы, өндірілген еттің 12 пайызы, сүттің 14 пайызы Түркістан облысының үлесінде. Ет экспорты бойынша да облыс республикада көш бастап келеді. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің үлесі 80% болса, ұсақ малдың 75%-ы облыстың еншісінде.

Leave a reply