Четверг, 19 сентября

СОЗАҚТЫҚ ТҰРҒЫНДАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

0
39

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экоакциясы басталған болатын.
Бүгін Қаратау оуылдық округіне қарасты Сарыжаз елді мекенінің тұрғындары «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына белсене атсалысты. Ішкі көшелері мен тұрғын үй аулаларын ретке келтіріп, жол бойындағы арам шөптер мен қураған ағаштар оталды. Арық-атыздардың арансын ашып, тұрмыстық қалдықтарды тазартты.

Тазалық жұмыстарына 40-қа жуық жергілікті тұрғындар қатысып, 2 арнайы техника жұмылдырылды. 2,5 тоннаға жақын қоқыс қалдықтары шығарылып, ауылдың айналасы абаттандырылды.

«Акция басталғалы 74 мыңға жуық тұрғын мен 1 700-ге тарта техника сенбіліктерге жұмылдырылып, 4 мың тоннадай қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, 18 мың шақырым жолдардың бойы тазартылып, өңір бойынша 150 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Қазіргі таңға қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру және тазарту бойынша жыл соңына дейінгі 984 іс-шара жоспары бекітілді. Акция аясында «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтары өтті. Жалпы 5 апталықта абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жүргізілді. Жалпы облыс бойынша науқан аясында 1 408 ауқымды іс-шара өтті.

Leave a reply