Thursday, November 21

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ІШКІ ЖОЛДАРЫНЫҢ ҚАНАҒАТТЫ ЖАҒДАЙЫ 88 ПАЙЫЗДАН АСАДЫ

0
84

Жалпы ағымдағы жылы аудан аумағындағы 11 елді мекеннің 36,8 шақырымды құрайтын 27 көшесіне «Ауыл Ел-бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осы жұмыстардың нәтижесінде аудан аумағындағы ішкі жолдардың қанағатты жағдайы 88 пайыздан аспақ.
Бұл туралы бүгінгі аудан әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында аудандық ТҮКШЖК және АЖ(ЖКХ) бөлімінің басшысы Мұстафа Телғараев мәлімдеді.

Сонымен қатар, жауапты бөлім басшысы бүгінгі таңға аудандық бюджет есебінен 3 елді мекеннің 4,5 шақырым құрайтын 4 көшесіне тас төсеп, тегістеу жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді.
Бұдан бөлек лездемелік жиында, аудандық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту, индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы және ауыл-аймақтың тазалық мәселесі қаралды.

Күн тәртібіндегі барлық мәселе қаралып болған соң, басқосуды қорытындылаған аудан басшысы аудандық бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту арқылы ғана аудан аумағындағы инфрақұрылым мәселесін шешуге қажетті қаржының артуына қол жеткізуге болатындығына тоқталып, осы ретте жауапты бөлімдер мен ауыл әкімдеріне өздеріне бекітілген аумақтарда заңсыз жұмысын жүргізіп жатқан яғни, салық базасына тіркелмеген кәсіпкерлік нысандарды тіркеу жұмыстарын жандандаруды тапсырды.

Сонымен қатар, жауаптыларға аудан аумағында іске асып жатқан барлық құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалауға комиссия мүшелігіне сол ауылдың жанашыр белсенділерін міндетті түрде қосу керектігін ескертті.

Тазалық жұмыстары ешқашан күн тәртібінен түспейтіндігін жеткізіп, бұл бағытта да барынша жұмысты күшейту керектігін атап өтті. 2024 жылы аудан аумағында атқарылатын жолды орташа жөндеу жұмыстары он бір көшеде жалғасатын болады.

Leave a reply