ТҮЛКІБАСТА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан облысында соңғы жылдары көпқабатты тұрғын үйлер салу қарқынды жүріп жатыр. Аудан көлемінде жалпы үш мыңнан астам адам үй кезегінде тұр. Сол азаматтардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында аудан әкімдігінің тікелей ықпалымен биыл кәсіпкерлер есебінен аудан орталығына қарасты Бақыбек мөлтек ауданында 24 пәтерлік үш қабатты екі үйдің және Нұршуақ мөлтек ауданынан 20 пәтерлік екі қабатты екі үйдің және 16 пәтерлі екі қабатты бір үйдің құрылысы жүруде.
Аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов аталған нысандарды жауапты мамандармен бірге аралап, құрылыс жұмыстарының қазіргі жағдайын бақылады. Құрылысты жүргізіп жатқан кәсіпкерлермен сұқбаттасып, оларға нысандардың сапалы әрі мерзімінде аяқтауды ескертіп, күн суытпай тұрып үй кезегінде тұрған азаматтарға тапсыруға әрекет жасауымыз керектігін атап өтті.
Биыл облыс көлемінде жалпы 114 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, 41 үй, 2820 пәтердің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізіліп жатыр. Ал 73 үй, 3611 пәтер жеке инвесторлар есебінен үйлестірілуде. Облыс бойынша 2023 жылы көпқабатты 87 үй пайдалануға қабылданды. Оның ішінде, мемлекеттік бюджет есебінен 57 үй, 3051 пәтер болса, ал жеке салушылар есебінен 30 үй, 300 пәтер тапсырылған. Жалпы 900 мың мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар 55 тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.
Қос участіктегі көп қабатты тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары күз айларында аяқталады деп күтілуде. Ол жердегі толық талапқа сай 106 пәтерді мемлекет есебінен сатып алып, үй кезегінде тұрған азаматтарға тарату жоспарлануда.