«ТАЗА АУЫЛ» : ОРДАБАСЫДА ӨТКЕН ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

0
43

Ордабасы ауданы Темірлан ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық шарасы аясында жалпыаудандық сенбілік өтті.

Тазалық шарасына аудан ардагерлері, қоғамдық ұйым жетекшілері, зиялы қауым өкілдері, ауыл әкімдері, мекеме қызметкерлері, жастар, ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шарада аудан орталығындағы орталық көшелерде, саябақта тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, сенбілік барысында мәдени және спорттық іс-шаралар өтті. Қатысушылар көшелерді тазалау, иригация жүйелері мен аяқ жолдарды тазалау, абаттандыру және қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұдан бөлек, ағаш түптерін әктеу, ретсіз өскен бұта мен шөптерді жинау жұмыстары атқарылды.
Жалпы сенбілікке аудан бойынша 500-ге жуық адам қатысып, арнайы техникалар жұмылдырылды. «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты – үйіміз бен туған жерімізді таза ұстау, қоқыс шашпау, халық арасында экологиялық сауаттылықты арттыру, экологиялық мәдениетті сақтауды үйрету.

«Таза Қазақстан» акциясы басталған сәуір айынан бері Түркістан облысы бойынша облыстағы 2500-ден астам білім беру ұйымдарында (1421 балабақша, 1052 мектеп, 50 колледж) экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықты қоршаған ортаны ластамауға үйрету.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы бағыттағы жұмыстар бір реттік акция емес, елімізді көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы тұрақты түрде іске асырылатын жұмыстар болып жалғасын табатын болады.

Leave a reply