ТҮРКІСТАНДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

0
35

Түркістан қаласында санитариялық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында мыңға жуық адамның қатысуымен ауқымды сенбілік өтті. Қала әкімінің бекітілген кестесіне сай ұйымдастырылған тазалық шарасына қала тұрғындары, эко-белсенділер, ерікті азаматтар қатысып, ортақ мекеннің көркеюіне үлестерін қосты.
Тазарту жұмыстары шаһардағы І.Қожабаев, Кенесары, Шаяхметов, Ә.Рысбеков, Семей көшелері мен I-II мөлтек аудандарында жүргізілді. Нәтижесінде аталған аумақтар қураған шөптер мен күл-қоқыстардан тазартылды. 6 аумаққа бөлініп жиналған қоқыстарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 15 техника жұмылдырылды.

Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы Түркістан облысында қарқынды жүруде.
Тазалық жұмыстарына атсалысқан табиғат жанашырлары қаланың дамуы мен абаттандырылуына үлес қосу үшін, көшеге қоқыс тастамау арқылы туристік астананың гүлденуіне үлес қосуға үндеді.

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталды. Экологиялық шара әр апта сайын белгілі бір тақырып аясында өтеді. Мәселен, бірінші апта «Таза өлке» деп аталады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» – деген болатын.

Leave a reply