ТҮРКІСТАН: «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСА БЕРМЕК

0
31

Еліміздегі «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауылдардағы тұрмыс-тіршілікті жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар шалғай ауылдарды да аудан стандартына сай әрі модернизацияға лайық етіп, жаңа бір деңгейге көтеру мақсатын көздейді. Жаңа жоба шеңберінде жастар жұмылып жұмыс істеп, ауылдарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамытуға ат салыса алады. Ауыл тұрғындарының материалдық әл-ауқатын көтеру үшін кәсіпкерлердің де үлесі зор болмақ.

Осы орайда, 2023 жылы Түркістан облысы, Шардара ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылды. Соның бірі Шардара ауданына қарасты Жаушықұм ауылдық округінде 3 көше, Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде 7 көше және Достық ауылдық округінде 7 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оған қоса облыстық бюджеттен Қоссейіт елді мекеніне кіреберіс 1,6 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар жолдың орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға қаржы қаралып, шілде айында мемлекеттік қабылдау жұмысы қаралады деп күтілуде.

Оған қоса 2024 жылы Шардара ауданы, Қоссейіт ауылдық округінде аталған бағдарлама бойынша 9 көше және Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бүгінде мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізу мақсатында құжаттар әзірленуде. Бұдан бөлек, жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, Шардара қаласындағы жалпы ұзындығы – 6,5 шақырымды құрайтын 12 көшеге орташа жөндеу мен тас төсеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Оның ішінде ұзындығы 3,7 шақырымды құрайтын 6 көшені орташа жөндеу қалған 6 көшеге тас төсеу жұмыстары жоспарланған.

Айта кетейік, жергілікті бюджет есебінен Шардара қаласы мен ауылдық округтердегі 40 көше орташа жөндеуден өтіп, тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Шардара қаласы мен ауылдық округтердегі ұзындығы 8,73 шақырымды құрайтын 16 көшені орташа жөндеу және 25 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Leave a reply