ТҮРКІСТАН: “ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ” ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

0
25

Ұлттық жоба іске қосылғаннан бүгінге дейін Түркістан қаласының өзінде «Отбасы банкінің» бағдарламасы арқылы 883 пәтердің конкурсы өткізілді. Ал, «7-20-25» бағдарламасы аясында конкурс нәтижесі бойынша 474 отбасыға тұрғынүй сатылып алынды. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау бойынша жергілікті бюджеттен қажетті қаражатты қарастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір Түркістан облысы бойынша мемлекеттік тұрғынүй қорынан баспана алуға кезекте 47 402 адам тұр. Оның 12 040-ы көпбалалы отбасылар болса, 21 478-і халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататындар, 12 124-і бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 1 656-сы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және 92-сі баспанасы апаттық жағдайда деп танылған отбасылар.

Жалпы 2021 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ел тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру ортасын құруға негізделген «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бекітілген. Сол базалық көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізу және көлік байланысын қамтамасыз ету атты екі бағыттан тұратын жобаның алғашқы бағыты бойынша ел азаматтарын тұрғын үймен қамту, коммуналдық секторды, жалпы инфрақұрылымды дамыту жұмыстары атқарылатын болып жоспарланған. Атап өтсек, бас жоспарда мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үйді жөндеу үшін бюджеттік несие беру, 16 мың шақырым ауызсу, су бұру желілерін жүргізу және жөндеу, 46 су құбыры желісін, коммуналдық сектордың 7700 шақырым желісін, 785 шақырым ирригация желілерін қайта жөндеу жұмыстары қарастырылған.

Нәтижесінде, 2025 жылға қарай ел тұрғындары толықтай ауызсумен қамтылып, қала аумағын сарқынды судан тазарту мәселесі толыққанды шешіліп, инженерлік желілердің тозуы 12 пайызға дейін төмендейді. «Ауыл-Ел бесігі» жобасы арқылы ауылдарда 12 мың шақырым инженерлік желі, 10 мың шақырым кентішілік жолдар мен 1,5 мың әлеуметтік нысандар салынып, жөнделеді. Елдімекендердегі жолдардың барлығының сапасы жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жеткізіліп, үш жарым мыңнан астам ауылдың инфрақұрылымы жақсарады. «Жайлы тұрғын үй» бағыты шеңберінде белгілі санаттара жататын 180 мыңнан астам адамның жалға алған тұрғын үйге кететін шығысын субсидиялау, жүз мыңнан астам әлеуметтік жалға берілетін және кредиттік, жұмыс істейтін жастар үшін 15 мың тұрғын үй салу, сонымен қатар, өз қызметкерлері үшін ауылдық жерден үй салған жұмыс берушілердің шығындарын жабу жұмыстары атқарылады. 103 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға беріліп, жеке құрылыс бастайтын тұрғындардың 235 мың жер телімі инфрақұрылыммен қамтылады.

Leave a reply