ТҮРКІСТАН: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫ ӨҢІРДЕ ШЕШІЛІП КЕЛЕДІ

0
31

Инновациялық инфрақұрылым – ұлттық деңгейде ғылыми білімдер мен технологиялардың ақпаратпен қамтамасыз етілуімен, өндірісімен және коммерциялық жүзеге асырылуымен қатысты өзара байланысқан ұйымдар жиынтығы. Инновациялық инфрақұрылымның келесі бір түсінігі – ұлттық инновациялық үрдістерді қамтамасыз ететін құқықтық, қаржылық, ақпараттық, әлеуметтік тұрғыдағы институттар жиынтығы. Ұлттық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі – ол еліміздің инновациялық әлеуетін дамытуға негіз болатын, оны жүзеге асыру белгілі-бір нәтижелі жетістікке жетуге ықпал ететін қаржылық, экономикалық, салықтық, несиелік және басқа да іс-әрекеттер мен тетіктердің жиынтығы. Дұрыс таңдала білген механизм ұлттық экономикамыздың ұзақ мерзімде инновациялық өркендеуі мен дүниежүзілік нарықта лайықты орын алуына ұтымды жағдай жасауы тиіс.

Түркістан облысының тұрғындарының назарына бәсеге қабілеттілік жайында тұщымды ақпаратты талдау жұмыстары ұсынылады. Инновациялық әлеуеті дамыған елдер болашақтың бағдарын елдегі табиғи ресурстарға қарап емес, адам капиталының, оның интеллектуалдық қуатының шамасына, инновациялық өнім, қызмет, сапалы жұмыс жасай алатын өнеркәсіптік, өндірістік инфрақұрылымның мүмкіндіктеріне, ғылыми-зерттеу, ғылыми-ізденушілік орталықтарының шамасына қарап айқындайды.

Инновациялық инфрақұрылымды дамыту механизмі әлемдік инновациялық ортаның жалпы жағдайына, қоғам мен ғылыми-техникалық прогрестің дамуына, адамзат мәдениеті мен ой-санасына, экология талаптарына, сонымен қатар, еліміздің нақты мүмкіндіктері мен стратегиялық өркендеу бағыттарына сай болуы тиіс.Экономикадағы бәсеке, қайшылықтар, қоғамдық сананың өсуі, табиғи ресурстардың шектелуі инновациялардың туындауына бірден-бір себеп. Өнім өндірушілердің, қызмет көрсетушілердің, жұмыс орындаушылардың табатын пайдаларын өсіруге мүдделілігі. Бәсекелі нарықтың талабы да өндірушілерге неғұрлым тиімді түрде қызмет етуін жүктейді.

Екіншіден, қоғамдағы қарама-қайшылықтар.Бұл топ өзінше жаңа құндылықтар мен тәртіптерді қалыптастырып, оған қалған көпшілікті тартуға ынталанады.Үшіншіден, табиғи ресурстардың азайуы. Бұл тауарлық, өндірістік инновациялардың қалыптасуына ықпал ететін негізгі себеп. Қазіргі уақытта «гендік модификацияланған өнімдер» деген атаумен белгілі бұл тауарлар әлемнің көптеген елдерінде жаппай тұтынуға еніп кетті.

Бәсекеге қабілеттіліктің өсуі тұрақты экономикалық өсуге негізделеді және халықтың өмір сүру стандарттарының жоғарылауымен түсіндіріледі. Әлемдік экономикалық форумның стандарттарына сәйкес, бәсекеге қабілеттіліктің негізгі факторлары ретінде нақты сектордың, адами капиталдың, инфрақұрылымның, инновацияның дамуы және мемлекеттік басқару тиімділігінің өсуі көрсетіледі.

Осы орайда мемлекеттің негізгі міндетінің бірі – экономиканың басымдық берілетін салаларына қызмет көрсету және тауар өндірісін жедел дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған инвестицияларды тарту болып табылады.Бұл бағытта өнеркәсібі дамыған өндірісті облыстардың маңызы ерекшеленеді.

Leave a reply