ТӨЛЕБИДЕ «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 11 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

0
26

Ауылдардың инфрақұрылымы мен әлеуметтік жағдайын жаңғыртып, қазақстандықтардың жергілікті жерде жұмыспен қамтылуына қатысты идеологияны қалыптастыруға арналған «Ауыл – Ел бесігі» жобасының жүзеге асып келе жатқанына 5 жыл болды. Бұл жоба Түркістан облысында сәтті жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында бірқатар тапсырма берген болатын. Оның ішінде халықтың табысын арттыру, жанар жағармайдың бағасын тұрақтандыру, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы және бизнестің «Бизнестік жол картасы» бағдарламалары шеңберінде Оңтүстік өңірлер үшін жекелеген бағыттар әзірлеу жүктелді. Сондықтан бұл бағдарламаларға баса назар аударылуда. Облысымызда осы бағыттарда жұмыс күшейтілу барысында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бүгінде Түркістан облысында Ауыл — Ел бесігі жобасы аясында аудандарда бірқатар жобалар іске асып келеді. Мәселен Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында 14 елді мекеннің көшелері қайта жөндеуден өтті.

Ауылдардың жағдайын жақсартып, ауыл халқының тұрмыс деңгейін көтеру үшін қолға алынған жоба Төлеби ауданында кеңінен жүзеге асып келеді. Елді мекендерде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар жетілдірілуде. Бұл жоба биыл да жалғасын тауып, 723 млн теңгеге 11 нысанның құрылысы жүргізілуде. Биыл ауданда бірде – бір мәдениет ошағы жоқ Киелітас ауылдық округінде 146 орындықты Мәдениет үйі мен Көксәйек ауылдық округінде спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда.

Сондай-ақ 8 елді мекенге электр желілері жүргізіліп, трансформатор орнатылады. Жалпы, ұзындығы 7,5 шақырымды құрайтын 5 көшенің жолын орташа жөндеуге 159,1 млн теңге қарастырылды. Айта кетерлігі, 2023 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Момынай елді мекенінде Мәдениет үйінің, Бірінші Мамыр елді мекенінде заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенінің және футбол алаңшасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Жалпы «Ауыл – Ел бесігі» жобасының мақсаты – ауылдағы өмір сапасын жақсарту. Маңызды жоба аясында ауылдарда жолдар жөнделіп, білім, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау нысандары бой көтеруде. Сондай-ақ ауыл инфрақұрылымын дамытуға баса мән беріледі. Түркістан облысында денсаулық сақтау саласында 1,1 млрд. теңгеге 10 жобаның құрылысы жүргізілді. Білім саласында 5,4 млрд. теңгеге 34 жоба бойынша құрылыс және күрделі жөндеу жұмысы атқарылды. Мәдениет пен сапорт салаларында 4 млрд. теңгеге 20 жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласында 3 млрд. теңгеге 21 жобаның құрылысы басталып, ағымдағы жылы халыққа пайдалануға беріледі. Облыста жол мәселесі өзекті екендігін ескере отырып, 4,4 млрд. теңгеге 168 жоба іске асырылды.

Leave a reply