Пятница, 20 сентября

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЫҢҒА ЖУЫҚ БІЛІМ ОШАҒЫ БАР

0
15

Биыл 1-сыныпқа 54 570 оқушы қабылданады. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіш. Жаңа оқу жылына қарсы 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін тағы 16 мектептің құрылысы аяқталады. Өңірде жекеменшік мектептер саны 56 –ға жетті. Облыс бойынша үш жылда 200 мектеп салу жоспарланған. Облыс бюджеті мен «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 32 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 4 012,7 млн.теңге қаралды.

Әлеуметтік осал топтағы отбасы балаларын мектеп формасымен және мектеп құралдарымен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 1, 9 млн. теңге қаржы бөлінді. Қаржы 52 мыңнан астам баланың ата-аналардың есепшоттарына аударылады. Әр балаға 35 275 теңге белгіленді. Бұдан бөлек, «Мектепке жол» республикалық акциясы 568 балаға жалпы 12,5 млн.тг демеушілер тарапынан материалдық көмек берілген. Шара қыркүйек айының аяғына дейін жалғасады.

Түркістан облысында орналасқан 1400-ден астам мектепке дейінгі ұйымдарының мемлекеттік тапсырыс беруі «Balabagsha.snation.kz» жүйесіне тіркелу арқылы іске асырылуда. 1-6 жастағы 155 мыңнан астам бала балабақшаға барады. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші көрсеткіші 98,9 % құрайды.

Өңірдегі 52 техникалық және кәсіптік орта білім ошақтарындағы 26 мыңға жуық студент білім алады. Колледждер желісін бейіндендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта «Kasipkor» жобасы аясында құрылыс және IT салалары бойынша 2 (екі) колледжі ашу, колледждердің қаржылық дербестігін қамтамасыз ету

мақсатында кезең-кезеңімен мемлекеттік колледждердің ұйымдық-құқықтық нысанын ауыстыру және «Жас маман» жобасын іске асыратын 9 колледж базасында құзыреттілік орталықтары мен WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес жаттығу лагерьлерін ашу жоспарланып отыр. Облыстағы 28 колледж 314 кәсіпорынмен бірлесе 5122 студентті дуальды оқытумен қамтуда.

Leave a reply