ТҮРКІСТАН: ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

0
43

Түркістан облысында күн санап өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын көбейту жұмыстары жанданып, оларды іске қосуға ерекше басымдық беріле бастады. Бұл бағытта жан-жақты ауқымды жұмыс жүруде. Жыл санап өндірісті дамыту және кәсіпкерлерді қолдау мақсатында индустриалды аймақтардың саны артып келеді. Бұл аймақтар өңір экономикасын көтеруге және жаңа жұмыс орындарын ашуға зор үлес қосады деп күтілуде. Бұл бағытта жергілікті билік пен инвесторлар арасында тиімді серіктестік орнап, аймақтарда іскерлік белсенділік артып отыр. Индустриалды аймақтардың арқасында бизнес климат жақсарып, жаңа өндіріс орындары мен инновациялық жобалар жүзеге асырыла бастады.

Облыс көлемінде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және арнайы экономикалық аймақ бар. Бұл аймақтарда жалпы инвестиция көлемі 190 миллиард теңгені құрайтын 95 кәсіпорын өз жобаларын жүзеге асырып жатыр. Мақтаарал, Шардара, Созақ, Қазығұрт, Кентау, Түлкібас, Бәйдібек және Ордабасы аудандарындағы индустриалды аймақтарда инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Осылайша, кәсіпкерлерге қажетті жағдайлар жасалып, өндіріс процестері оңтайландырылды.

Сондай-ақ шағын өндірістік парктердің құрылысы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Өндірістік парк аумағында 42 өндірістік ғимараттар салынып жатыр. Қазіргі таңда өндірістік парктің 1-кезеңі аяқталып, 14 ғимарат іске қосылды. Бұл өндірістік парктер шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында құрылып, кәсіпкерлерге заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз етеді. Осылайша, аймақта жаңа өндіріс орындары ашылып, экономикалық белсенділік артып келеді.

Индустриалды және өндірістік аймақтардың дамуы Түркістан облысының экономикалық өсуіне және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосумен қатар жергілікті кәсіпкерлер үшін қолайлы бизнес орта қалыптасып, шетелдік инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасауға жол ашады. Облыс әкімдігі мен жергілікті билік өкілдері аймақтағы өндірісті дамыту және жаңа жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті қолдауды көрсетуде.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірдегі индустриалды аймақтар мен «Turan» арнайы экономикалық аймағын инфрақұрылыммен қамту, жаңа кәсіпорындар ашу мәселелерін талқылауға арналған мәжілісте аталған аталған жобалар туралы сөз болды.

Облыс әкімі жауапты басқармалар мен аудан, қала басшыларына жұмысты ширатуды тапсырды.

Leave a reply