СОЗАҚ: ЖОЛДАУДА АЙТЫЛҒАН ӘРБІР ТАРАУ БОЙЫНША АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР НАҚТЫЛАНДЫ

0
39

Созақ ауданы әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен жиын өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм” тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығы мен онда белгіленген міндеттерді іске асыру шаралары жан-жақты талқыланды.
– Алдымызда үлкен міндеттер тұр. Ендігі кезекте әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен халықтың әл ауқатын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жандандыру керек. Халықтың сенім үдесінен шығып, әрбір іске аса жауапкершілікпен қарауды тапсырамын. Жұмыс барысында кешенді жоспарлар түзіп, қажетті шараларды дер кезінде үйлесту қажет,- деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы әр сала бойынша іске асып жатқан жұмыстарға мұқият болуды қатаң ескертіп, салалық орынбасарлары мен жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ халықпен кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге жеке-жеке тоқталып, жұмыс барысын бақылауына алды.

Leave a reply