Қала әкімі Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысының сапасын тексерді

0
116
Шымкенттегі маңызды нысандардың бірі Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығын салу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс алаңында болып, жұмыс барысын пысықтады.
Бүгінгі күні аумақтағы 1,92 шақырым су және 1,82 шақырым газ құбырларының, 1,2 шақырым электр және 0,6 шақырым байланыс сымдарының орны ауыстырылған. 400 метрге тіреу қабырғаларын құйған. Уақытша электр бағаналарын орнату – 7 дана, 114 дана свай құю, жер жұмыстары – 85 000 текше метр, қуаттылығы 110 кВ электр желісін уақытша айналма желісіне қосу, Вл110 бағанасын демонтаждау, жаңадан салынған қысымы жоғары диаметрі 500 мм газ құбырын қолданыстағы газ құбырына қосу жұмыстары орындалды.
Осы айда жер асты өткелінің жұмыстары, қада құю және Рысқұлов көшесінің Қонаев даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралықта жол бөлігінің жұмыстары жүргізілетін болады.
Қонаев даңғылын өткел арқылы көліктердің қозғалысын ашу 1 қыркүйекке дейін, ал Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге көліктердің қозғалысы үшін ашу 1 қарашаға дейін деп жоспарлануда.
Жалпы жолайрық толығымен жыл соңында пайдалануға беріледі. Шаһар басшысы инженерлік коммуникациялардың орнын ауыстыру жұмыстарына кедергі келтіріп отырған Рысқұлов–Қонаев көшелерінің қиылсындағы «Майсс» ЖҚБ нысанының мәселесін тездетіп шешуді тапсырды.

Leave a reply