Шымкентте сенбілік ұйымдастырылды

0
156

Қалалық жұмыспен қамту орталығының ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты. 5 маусым-ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бекіткен “Экология күні” мерекесіне орай “Бірге таза Қазақстан” экологиялық акциясын өткізу жоспарланған. Осыған орай, акция аясында Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұжымы қаладағы Ө.Жәнібеков көшесінің бойында тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара қоршаған ортаның ластану проблемасына, қаланың тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аударуға бағытталған.

Бүгін жалпы қалалық сенбілік күніне орай  мәдениет саласының қызметкерлері де ат салысып, қала тазалығына көңіл бөлді. Тазалық жанның саулығы!

Сондай-ақ Қаратау ауданы аумағында сенбілік жұмыстары атқарылды. Сенбілікке Қаратау ауданы əкімі аппаратының мамандары, аудан тұрғындары, кəсіпкерлік нысан иелерімен санитарлық тазалық жұмыстарын атқарушы мекемелердің қатысуымен жүзеге асты.

Қаратау ауданы Нұрсəт шағынауданындағы көп қабатты үй аулаларында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке аудан əкімі аппараты мен аталған аумақтың тұрғындары белсене ат салысуда.

Leave a reply