КЕНТАУ: МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

0
19

Заман дамуы мен қоғам қажеттілігіне байланысты мамандықтар тізбесі үнемі жаңарып, өзгеріп отырса да, ерте заманнан бері келе жатқан көне де қадірлі дәрігер мамандығы қаншама ғасырлардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Жасай да бермек. Медицина қызметкерлері – адам өмірінің сақшысы. Олар ажалдан қорықпайды, адамға екінші өмір сыйлайды, өз қадір-қасиеті мен ар-ожданын биік ұстайды. Бұл қоғамның оларға деген сенім мен құрметін арттырып, мәртебесін биіктетеді. Медицина қызметкерлері үшін деонтология мен дәрігер этикасы басты қағидалардың бірі болуы тиіс. Медициналық деонтология – медицина қызметкерінің кәсіби мінез-құлқы туралы ілім. Ол дәрігерлердің қызмет бабындағы өзара қарым-қатынасы, кеңесу, жәрдемдесу, ауруларға сырқат түрлерін, емделу режимдерін байыбымен, сабырлы түсіндіру. Ежелгі Грек елінің ғұламасы Гиппократтың: «Дәрігер — Құдайға жақын адам» немесе «Данышпандықты іздесең — соның бәрі де медицинадан табылады» деген өсиеті медицина саласының қызметкерлері үшін басты ұстаным. Дәрігердің еңбегі мен жұмсаған энергиясының ең басты бағасы – ауру адамға көрсеткен көмегі. Осы арқылы дәрігерлік тәжірибе жинақталады және оның беделінің өсуіне ықпал етеді. Дәрігердің беделі ауру адаммен тіл табысуда үлкен роль ойнайды. Ең бірінші кезекте дәрігерден терең білім, яғни науқасты мазалайтын мәселені сабырлы, дұрыс және тез түсініп, оның жылдам және толық сауығуына лайықты жол таба білу талап етіледі. Дәрігердің әр әрекеті мен ісінде әрдайым басты мақсат ауру адамды емдеп жазу. Дәрігердің өмірі – бұл ешқашан бітпейтін университет. «Дәрігердің басты міндеті – өмір бойы қоғам үшін оқу»деген беделді клиницист А.А.Остроумовтың сөзі бүгін де маңызын жойған жоқ. Дәрігердің қарапайымдылығы – ең қажетті қасиеттердің бірі. Медицина саласын таңдау үшін үлкен жүрек керек. Батылдық, жан жылуы, өзгелерге жәрдем беру – барлық дәрігерлерге тән қасиет. Дәрігерлер жүрегінде Гипократ антын сақтап еңбек етеді, өмір сүреді. «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» деген А.Шопенгауэрдің сөзін ескерсек, өз ісінің білгірі атанған мықты дәрігер адамға бақыт кілтін табыстаушы ғажап жан. Батпандап кірген кеселдің мысқылдап шығуының өзі дәрігердің кәсіби білімі мен тәжірибесіне тікелей байланысты. Дәрігер ең алдымен ауру адамды ықыласпен тыңдай білуі, жылы сөзімен үміттендіре білуі қажет. Дәрігердің айтқан сенімді, ақылға қонымды, жылы сөзі сырқатқа қорқынышты жеңуге көмектеседі, оның сауығып кетуіне деген сенімін нығайтады. Сондықтан да ақ халаттылар ұдайы тәжірибелік білімдерін жетілдіріп, ізденіс үстінде жүреді. Денге саулық, дертке шипа сыйлайтын абызал жандаржың қоғамдағы мәртебесі де осыған байланысты. Сондықтан да заманауи, уақыт сұранысына жауап беретін, емделушінің талап-тілегін қанағаттандыратын медицина қызметкерлерінің қоғамдағы мәртебесі әркез жоғары болып қалмақ. Мұның бір дәлелі маусымның əр үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлері күні. Осыған орай Кентау қаласында мамандығына адал, тынбай қызмет етіп жүрген ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесі аталып өтті.
Салтанатты шарада қала әкімінің орынбасары А.Байболова медицина қызметкерлері мен ардагерлерін, салтанатты кештің құрметті қонақтарын ҚР медицина қызметкерлері күнімен құттықтады.
«Ең қымбат байлық – денсаулық. Ал өзінің ғана емес, өзгенің де тәні мен жан саулығына қамқорлық жасап жүретін – ақ халатты абзал жандар қашанда құрмет тұтуға лайықты. Қала халқына жылдың 365 күнінде, тәуліктің 24 сағатында, күн-түн демей қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатқан медицина қызметкерлеріне алғысым шексіз» – деді.
Салтанатты шарада бірқатар маман иелері медицина саласындағы еселі еңбектері еленіп «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі және қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Осы орайда медицина саласында еңбек етіп жатқан жандардың еңбектеріне табыстар тілейміз. Сондай-ақ, аталмыш сала туралы азды-көпті дайындаған мақаламызды оқи отырыңыз, құрметті оқырман.
Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Себебі, дәрігер адам анатомиясын өте терең білумен қатар, кез келген жағдайдағы науқастан жиіркенбейтін, қаннан қорықпайтын, адам тағдырына немқұрайлы қарамайтын, күйзеліске төзімді, жүйкесі мықты жан болуы керек.
Медицина саласы бірнеше бағытқа бөлінеді:
«Жедел жәрдем» мамандары тәуліктің кез келген мезетінде, кез келген қашықтықтағы науқасқа бастапқы диагнозды қойып, алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, ауруханаға жеткізеді. Тез кәсіби жәрдем көрсетудің арқасында әл үстінде жатқан адамның өмірін сақтап қалады.
Дәрігер-терапевт науқастың талдамаларын алып, оған дұрыс диагноз қойып, оны толық емдеумен айналысады. Науқастың жағдайын күнделікті бақылап, қажетті емдік шараларды қолданады.
Дәрігер-хирург бас дәрігердің шешімі бойынша науқастарға түрлі дәрежедегі оталар жасап, әрі қарай да бақылап, қажетті ем қолданып, олардың толық сауығып кетуін қамтамасыз етеді. Шұғыл ота жасап, науқас өмірін аман алып қалу керек болғанда, дамыл таппай, күн-түн демей, жұмыс істейтін сәттер көп болады. Сондықтан хирургтің өзінің физикалық жағдайы осыған сәйкес болуы тиіс.
Фармацевт-провизор дәрілік препараттардың құрамын, қолданылуын терең біледі. Дәріханаға ауырып, өз бетімен келетін жандар көп. Соларға керекті дәрілерді алуға кеңес береді. Сондай-ақ дәріхананы алуан түрлі дәрі мен құралдармен жабдықтайды. Бірнеше дәріні қосып, рецепт бойынша дәрілер әзірлейді.
Дәрігер деген – кең ұғым, қастерлі мамандық. Бағалай білген кісілерге медицина қызметкерлерінің тұғыры таймас биік шың. Жалпы медицина қызметкері болу адамға денсаулық, тіпті кейде өмір сыйлау деген сөз іспетті. Бұл мамандық иелерінің жауапкершілігі де мол, атқаратын жұмыстары да ауқымды.
Аурудың жасқа да, кәріге де қарамастан, ұрымтал жерден соға беретіні ақиқат. Сондықтан ине мен пышақты өмірлеріне серік еткен ақ халатты, алтын қолды дәрігерлер қауымына бесіктегі баладан төрдегі қартқа дейінгі адамдардың айтар алғысы шексіз екендігіне ешқандай шүбә жоқ.
Қиналғанда көмек сұрап, ауырғанда шипа іздеп алдына барған кез келген науқасқа қолдау көрсететін, өмірлеріне қауіп төнген сәтте араша түсіп, тіпті кейде екінші рет өмір сыйлап жататын ақ желеңді абзал жандар. Олар денсаулық сақтау саласында аянбай тер төгіп, ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп қана қоймай, халықтың ықыласына бөленген мейірімді жандар. Шынында дәрігер болу – үлкен мәртебе. Мамандықтың бәрі жақсы, дегенмен дәрігер мамандағының қиын болса да, абыройлы да, қастерлі жақтары көп екендігін ескерген жөн.
Ендігі кезекті аталмыш мамандықтың пайда болуы және күні бүгінге дейін қалай дамығандығы туралы жтнаған ақпараттарымызды ұсынамыз.
Тарихы
Чалагантепе қаласында (Агдам облысы) табылған, трепанация іздері бар халколиттік бас сүйегі. Біздің эрамызға дейінгі 5 мыңжылдық e. Әзірбайжан тарихы мұражайы, Баку
Археологиялық және этнографиялық деректер (Павлодар-Ертіс өңіріндегі Қараоба обасынан табылған әйелдің, Батыс Қазақстандағы Сайқын станциясы маңынан табылған ер адамның, Тараз қаласы төңірегінен табылған жауынгердің бассүйектері; Орталық Қазақстандағы Қарабие мекенінен табылған адамның қаңқасы) Қазақстанда өмір сүрген емші-дәрігерлер емдеу ісімен, әсіресе, хирургилық әдістермен ертеден-ақ таныс болғандығын көрсетеді. Орта ғасырларда қазіргі республика жерінде туған энциклопедист-ғалымдар (әл-Фараби,Әбу-Мансұр, Қожа Ахмет Ясауи, Мұхаммед Хайдар, тағыда басқа) медицина ғылымында елеулі із қалдырған.
Ежелгі медицина
Науқасты емдейтін дәрігер шамамен. 480–470 жж
Біздің заманымыздың 1 ғасырындағы ежелгі римдік катетер.
Медицина дамыған ежелгі мемлекеттерде айтарлықтай табысқа жетті: бізге замандастары мен куәгерлерінің куәліктерін және ежелгі грек дәрігері Гиппократтың, римдік табиғат зерттеушісі Клавдий Галеннің және александриялық дәрігерлер Герофил мен Эрасистраттың еңбектерін әкелген тарихи құжаттар бар.
Орта ғасырларда
Ибн Сина – ортағасырлық атақты дәрігерлердің бірі
Практикалық медициналық бақылаулардың жинақталуы орта ғасырларға дейін жалғасты. Науқастар мен жаралыларды емдеу үшін арнайы мекемелер, бейбіт халыққа арналған монастырь госпитальдары пайда болды (VII ғ.). Халықтың көші-қонымен бірге жүретін крест жорықтары жойқын эпидемиялардың пайда болуына ықпал етті және Еуропада карантиндердің жасалуына әкелді.
VII ғасырда ислам елдерінде ғылым белсенді түрде дами бастады: ислам әлемінің ғалымдары басқалармен қатар ежелгі өркениеттердің медициналық білімін дамытуды жалғастырды. Халифалар ғылым мен ғалымдарға қамқорлық жасайды. Һарун әр-Рашид Бағдадта мектептер, ауруханалар мен дәріханалар құрады. Оның ұлы әл-Мамун Бағдадта академия құрып, барлық елдерден ғалымдарды шақырды. Мектептер көптеген жерлерде: Куфада, Басрада, Бұхарада және басқа қалаларда құрылған.
873 жылы Ахмад ибн Тулунның тұсында тек кедейлерге арналған алғашқы үлкен мемлекеттік аурухана құрылды. Ауруханаға түскен кезде киім-кешек пен ақша менеджерге тапсырылды, ал ауруханадан шыққаннан кейін науқас соңғы рацион ретінде бір тауық пен бір нан алды. Ауруханада жындыларға арналған палата да болды.[1]
Арабтар медицинаның дамуына ерекше қолайлы болып көрінген жағдайда болды, өйткені Ислам ауруға дауа іздеуге шақырады және адамдарды емдейтіндерді дәріптейді. Араб медицинасының ғалымдары ежелгі дәрігерлердің еңбектерін аударып, зерттеген. Ибн Зухр (Авензоар) – адам анатомиясы мен өлгеннен кейін диссекция жасаған алғашқы белгілі дәрігер. Ең атақты араб дәрігерлері: Аарон, Бактишва (бірнеше несториандық дәрігерлер), Гонен, Ибн әл-Вафид, Закария әр-Рази, Али ибн Сахл Раббан ат-Табари, Ибн Сина (Авиценна), Әбу-л-Қасым, Ибн Рушд ( Аверроес), Абдул-Латиф әл-Бағдади.
Византия және араб медицинасы дүниежүзілік медицина ғылымын аурулардың белгілері мен дәрі-дәрмектердің жаңа сипаттамаларымен байытты. Медицинаның дамуында Орта Азия ғалымы Ибн Сина (Авиценна) үлкен рөл атқарды.
Ортағасырлық Батыс Еуропадағы медицина
Ортағасырлық Батыс Еуропада антикалық дәуірмен салыстырғанда эмпирикалық ғылым құлдырады, теология мен схоластика басымдыққа ие болды. Ғылым жоғары оқу орындарында шоғырланды. IX ғасырдан бастап қазіргі Германия, Англия, Франция территориясындағы университеттерде басқа ғылымдармен қатар медицина да оқытыла бастады. Емдеуді монахтар мен зайырлы адамдар жүргізді. Орта ғасырлардағы Еуропадағы ең танымал медициналық мектеп Салерно болды. Бұл мектептің жұмыстары басқа мектептерге үлгі ретінде қабылданды. Ең танымал гигиеналық поэма лат. Regimen Sanitatis. Салерно мектебіне шіркеулік және зайырлы дәрежедегі дәрігерлер, сондай-ақ әйелдер қатысты. Олар ауруханаларды басқарды, жорықтарда әскерлерге еріп жүрді және патшалар мен князьдердің қарамағында қызмет етті. Тек XIII ғасырдан бастап сол кездегі медицинаның бірен-саран өкілдері бақылаулар мен тәжірибелер арқылы аурулардың табиғатын зерттеуге құштарлық таныта бастады. Бұлар Арнольд Вилланова мен Роджер Бэкон. XIV ғасырда анатомияның ғылым ретінде дамуы аутопсия негізінде басталды, Мондино де Луцци (1275—1326) органдардың дәл бейнелері бар эссе жариялады.
Қайта өрлеу (Ренессанс)
Медицинаның дамуындағы елеулі қадам қайта өрлеу дәуірінде (XV-XVIII ғасырлар) жасалды. Швейцариялық дәрігер Парацельс тәжірибе мен білімге сүйене отырып, медицинаны дамытып, әртүрлі химиялық заттар мен минералды суларды медициналық тәжірибеге енгізді. А. Везалий адам денесінің құрылысы мен қызметін сипаттады. Ағылшын дәрігері У. Гарвей қан айналымы туралы ілімді жасады.
Практикалық медицина саласында XVI ғасырдың ең маңызды оқиғалары итальяндық дәрігер Г. Фракастороның жұқпалы (инфекциялық) аурулар туралы ілімді жасауы және хирургияның алғашқы ғылыми негіздерін жасауы француз дәрігері А. Паре.
Жарақаттар мен жараларды емдеуді көбінесе кәсіби жазалаушылар жүргізді. Франц Шмидт (XVI ғ. Германия) сияқты тәжірибелі жазалаушылар азаптау мен өлім жазасына кесілгеннен гөрі емделуден көбірек табыс тапты.[2]
Жаңа кезең
1682 жыл Дәрігер
XVII ғасырдағы операция
Өнеркәсіптік өндірістің өсуі кәсіптік ауруларды зерттеуге назар аударды. XVII-XVIII ғасырлар тоғысында итальяндық дәрігер Б. Рамаццини өндіріс патологиясы мен еңбек гигиенасын зерттеуге бастамашы болды.
Медицинаның дамуымен әртүрлі елдерде медициналық оқу орындары пайда болуда. XVIII ғасырда Ресей империясында ғылым академиясы (1724 жыл) мен медициналық техникум (1763 жыл) – медицина саласындағы әкімшілік орталықтар құрылып, бірнеше медициналық оқу орындары ашылды.
1773 жылы Львовта медициналық коллегия ашылды, 1784 жылы Львов университетінің емдеу факультетімен біріктірілді, ал 1787 жылы Елизаветград медициналық-хирургиялық училищесі ашылды. Медициналық училищенің студенттерін жинайтын негізгі көздердің бірі XVIII ғасырдың аяғында олар медицинаны оқыта бастаған Киев академиясы болды (1802 жылы медициналық сынып ашылды; оның алғашқы оқытушысы А. Ф. Масловский болды).
XVIII ғасырдың екінші жартысы – XIX ғасырдың бірінші жартысында әскери және теңіз гигиенасының негізі қаланды. Неміс ғалымы Р. Кох микробиологияның негізін салушылардың бірі болды. Эксперименттік фармакология мен токсикологияның негізін француз физиологы және патологы К. Бернар қалаған. Неміс физиологы Г. Гельмгольц пен чех биологы Й. Пуркиньенің еңбектері офтальмологияның алға жылжуына ықпал етті.
Қазіргі уақытта медициналық оқу орындарының саны артып келеді. Саны артқан жерде сапаның да кемімесі анық. Бастысы ел ішінде медицина саласында айтарлықтай еңбек еткен абзал жандар да жоқ емес. Осының өзі көңілге жылу сыйлары сөзсіз…

Leave a reply