Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал», деп айрықша атап өткен болатын. Тиісінше дәл осы бағытта өз кәсібін бастаған тұрғындар да кем болмады. Соның бірі Кентау қаласының тұрғыны Абдашим Юлдашев жылыжай шаруашылығын қолға алған. Үйіргелік диқандықтан бастаған кәсіп иесі бүгінде бір гектар жерге қызанақ пен қияр егіп, жылына екі рет өнім алады.
«Қазіргі таңда қол астымда 10-ға жуық жұмысшы бар. Өнімді жинайтын уақытта жалдамалы жұмысшыларды көбейтемін. Бұл кореялық әдіспен жасалған жылыжай. Жылыжайдың басым бөлігіне қызанақ егіледі. Қазіргі уақытта сұраныс өте көп. Алғашқы өнімді алдағы мамыр айында жинап аламыз»-, дейді кәсіп иесі.
Шаруаның сөзінше, бір өнімнің өзінен 40-50 тонна аралығында көкөніс жиналады. Бүгінде қызанақ пен қиярлары Кентау, Түркістан қалаларына жіберіледі. Сондай-ақ, шаруа иесі қосымша 3 гектар жерге жылыжай салуды қолға алған. Жылыжай шаруашылықтарының не¬гізгі мақсаты тұрғындарды сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, сауда орындарын тасқын судай басып жатқан көкөніс өнімдерінің импор¬тын азайту, сөйтіп, бағаның тым шарықтап өсуіне жол бермеу екендігі белгілі. Со-ның нәти¬жесінде соңғы жылдары бел¬гілі бір дәрежеде қияр, қызанақ, қырыққабат, сәбіз, пияз сияқты ас-тағам мәзіріне күнделікті қажет болатын өнімдер бағасының тұрақ-тануына қол жеткізілді. Алайда бағаның көтерілуі тоқтар емес. Оның бір себебі – елдің жылыжай шаруашылықтары көкөніс өнімдері нарығында Орталық Азия шаруа-шылықтарымен жоғары бәсе¬келестікке төтеп бере алмай отыр. Ел¬дің күрт құбылмалы салқын ауа райы (жылыту маусымы ұзаққа созылады), энергия тасымалдаушыларға жоғары тарифтер (жылыжай өнімінің өзіндік құнындағы энергия көздерінің (жарық, газ, көмір) үлесі 45% дейін жетеді) жылыжай өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетуде. Соңғы жылдары елімізде жылыжай шаруашылығы қалыпты дамып, өндіріс орындарының саны жыл санап артып келеді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатты ден қойып, қауырт қолға алып жатқан тың сала ішкі нарықты жергілікті көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуде және импорттық өнімдердің үлесін азайтуда маңызды рөл атқарады. Дегенмен Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне сәйкес жылыжай көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша 232,3 гектарға қысқарып, 1,2 мың гектарды, жылыжайда өсірілген қызанақ пен қиярдың жалпы өнімі 177,5 мың тоннаны құрады. Жылыжай аумағының қысқаруы өндірілген өнімнің өзіндік құнының жоғары болуына жəне бизнестің төмен рентабельділігіне байланысты орын алып отыр. Бүгінде жылыжайлардың негізгі бөлігі жеміс-көкөніс өсіру үшін ауа райы қолайлы Түркістан облысында – 824,2 га, Шымкент қаласы маңында – 139,2 га, сондай-ақ Алматы облысында – 79 га, Қарағанды облысында – 43 га көлемінде шоғырланған. Елдің басқа аймақтарында да шағын жылыжай алаңдары бар. Жылыжай шаруашылықтарының негізгі мақсаты тұрғындарды сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, сауда орындарын тасқын судай басып жатқан көкөніс өнімдерінің импортын азайту, сөйтіп, бағаның тым шарықтап өсуіне жол бермеу екендігі белгілі. Соның нәтижесінде соңғы жылдары белгілі бір дәрежеде қияр, қызанақ, қырыққабат, сәбіз, пияз сияқты ас-тағам мәзіріне күнделікті қажет болатын өнімдер бағасының тұрақтануына қол жеткізілді. Алайда бағаның көтерілуі тоқтар емес. Оның бір себебі – елдің жылыжай шаруашылықтары көкөніс өнімдері нарығында Орталық Азия шаруашылықтарымен жоғары бәсекелестікке төтеп бере алмай отыр. Елдің күрт құбылмалы салқын ауа райы (жылыту маусымы ұзаққа созылады), энергия тасымалдаушыларға жоғары тарифтер (жылыжай өнімінің өзіндік құнындағы энергия көздерінің (жарық, газ, көмір) үлесі 45% дейін жетеді) жылыжай өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендетуде. Жылыжай шаруашылығымен тұрақты айналысушы ірі кәсіп иелерінің негізді талап-тілектері, проблема етіп көтеруі нәтижесінде бұл мән-жайға бүгінде ерекше мемлекеттік маңыз беріліп отыр. Айталық, жылыжай шаруашылықтарын дамыту мәселелеріне арналған Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Аманғали Бердалин маусымаралық кезеңде электр энергиясы, газ, көмір шығындарын субсидиялауды енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өткен болатын. Ол үшін 2023 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енген фермерлік жылыжайларға арналған ұлттық стандарт (ҚР СТ 3834-2023) бекітілді. Инвестициялық субсидиялау шеңберінде жылыжай кешендерін салу жəне кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде шығындарды өтеуді 25%-дан 30%-ға дейін арттыру жоспарлануда. Сондай-ақ жабық топырақта өсірілген көкөніс дақылдарын өндіруді дамыту мақсатында тыңайтқыштар, пестицидтер, биоагенттер мен биопрепараттардың құнын субсидиялау, қияр жəне қызанақ тұқымдарына субсидиялар беру жөніндегі мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда. «Агробизнес» әмбебап кредит беру бағдарламасы шеңберінде жылыжай құрылысына кредит беру алдағы уақытта да іске асырыла береді, бұл ретте мөлшерлеме субсидиялау есебінен 6%-ға дейін төмендейді. 2020 жылдан бастап осы бағдарлама бойынша 16,7 млрд теңгеге жалпы алаңы 51 гектар болатын 14 жылыжай қаржыландырылды. Жабық топырақта көкөніс өндірудің рентабельділігін арттыру өндіріс кезінде өзіндік құнын төмендету есебінен ғана мүмкін болатынын ескере отырып, Министрлік жылыжай шаруашылықтарын гектарлық субсидиялауды енгізу бойынша жұмыс жүргізуде», деді АШМ Өсімдік шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы Қарлығаш Нұриханова. Жылма-жыл жылыжайлар саны артып келе жатқанына қарамастан жергілікті кәсіпкерлердің халықты көкөніспен, жеміспен толықтай қамтамасыз ете алмауының бір себебі шаруашылықты әлемдік стандарттар деңгейінде дамыта алмай отырғанымызға келіп саяды. Сарапшы, мамандар бұл ретте әлемдік озық үлгілі тәжірибелерді алға тартады. Мәселен, әлемде жылыжай салудан Қытай бірінші орында, елдің жылыжай шаруашылығының алқабы шамамен 1,5 млн гектар аумақты алып жатыр. Бұл сала едәуір дамып тұрған елдер тізімінде АҚШ, Оңтүстік Корея, Израиль, Испания, Жапония, Түркия, Үндістан, Нидерланд, Ресей, Иран, Мысыр елдері бар. Израиль, Қытай, Нидерланд секілді дамыған елдерде көлемі үлкен әрі жаңа технологиямен жабдықталған 1 гектар жылыжай кешенінің құны 1,5-2 млн еуроға дейін барады. Өйткені оның құрылымында қуатты өте көп мөлшерде тұтынатын жылыту, жарықтандыру жүйелері бар және құнарлы, сапалы өнім алуға жұмсалған қаржы өзін-өзі ақтауға тиіс. Дамыған елдердің көпшілігі сұранысы, өтілімі жақсы көкөніс өсіруге басымдық береді. Айталық, Түркияда жылыжайдың 88 пайызында көкөніс өсіріледі. Ал қалған 10 пайызына жеміс, 2 пайызына гүл егіледі екен. Халқының саны бізбен бірдей болғанымен, жері әлдеқайда кіші Нидерландының әлемді азық-түлікпен қамтамасыз ету әлеуеті таңғалдырады. Бүгінде Нидерланд – тамақ өнімдерін экспорттау бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында. Елдің мұндай толайым табысқа жетуінің басты бір кілті – осы саламен шұғылданатын шаруашылық, кәсіп иелері әрбір әлемдік технологиялық жетістікті мұқият қадағалап, жедел өндіріске енгізіп отырады. Жылыжайдың іргетасы қаланғаннан бастап, алғашқы өнімді бергенінше шаруашылық білікті мамандардың қатаң бақылауында болады. Елімізде мұндай күрделі кешенді салуды кез келген кәсіпкердің қалтасы көтере бермейді. Әрбір қадамыңның қымбат тұрғаны былай тұрсын, өнімді өсірудің өзіндік қиындықтары өте көп және де, кәсіпкерлердің айтуынша, жылыжай кешені тәуекелді де іс. Оның бір мысалы, биылғы жылы Түркістан облысының Сарыағаш және Мақтаарал аудандарының бірқатар жылыжай шаруашылығы қыстағы қатты аяздан және қардың көп түсуінен, сондай-ақ көмір жетіспеушілігінен зардап шеккені, шығынға ұшырағаны белгілі. Жалпы, қандай жағдайда болсын, көкөністі оңтүстік өңірлерде өсірген тиімді, пайдалы. Еліміздің Солтүстік, Орталық, Шығыс аймақтарында көкөніс дақылдарын жабық жерде өсіру мүлде қиын. Неге десеңіз, аталған жерлердің қысы қатты, ұзаққа созылады, ауа райы суық, жылытуға және электр энергиясына шығындар көп мөлшерде жұмсалады. Осыған орай жылыжай шаруашылығы Оңтүстік өңірде қатты дамып келеді. Бүгінде Түркістан облысында 1 459 гектар алқапта 3 366 бірлік жылыжай орналасқан, бұл елдегі жылыжайлар көлемінің 71%-ы. Шығын дегеннен шығады, бір гектар жердегі жылыжайға шамамен 1МВт электр қуаты мен 10 мың гекакалория жылу қажет екен. Сол себепті де сарапшы, мамандардан бастап кәсіпкер, делдалдарға дейін Солтүстік аудандарда газ бен электр энергиясына соншалықты шығынданғанша өсірілген тауарды оңтүстіктен солтүстікке тасып саудалаған пайдалы деп санайды. Бірақ тасымалдау кезінде тауар қанша дегенмен бұзылып, қосымша шығын артады. Соның салдарынан өнімнің өзіндік құны өседі. Осыдан келіп онсыз да саны жағынан аз өндірілетін отандық өнім үлкен партиямен әкелініп, нарықты жаулаған, химикатпен өңделген көрші елдердің өніміне қарағанда бәсекеге төтеп бере алмай қалады. Ел тұрғындарының қысқы маусымда, ерте көктем уақытында қияр, қыза-нақ, қырыққабат секілді өнімдерге деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жылына 300 мың тоннаға жуық жылыжай өнімдері өндірілуі керек екен. Әзірге шаруашылықтар бұл сұраныстың 60-70 пайызын ғана жауып отыр. Сондықтан өнімдердің бір бөлігін шеттен импорттауға мәжбүрміз. Ал ол өз кезегінде бағаның көтерілуіне алып келеді. Бұл ретте бағаның көтерілгені үшін саудагерлер мен кәсіпкерлерге де кінә арта алмайсыз. Елорданың жеміс-көкөніс базарлары мен мен дүкендеріне аталған өнім түрлерінің қайдан келетінін анықтап көрген едік. Қызметі қашанда қайнап жататын, қаланың шалғай аумақтарындағы сауда нүктелеріне негізінен өнім осы жерден тасымалданатын «Артем» базарындағы, сондай-ақ «Еуразия» сауда орталығындағы көкөністер Қытайдан, Өзбекстаннан әкелінеді екен.
«Қазірде өзіміздің өнімдер жақсы өтіп жатыр. Дегенмен қысқа салым олардың көлемі азайып, базарды Қытайдан, Өзбекстаннан, тіпті сонау Еуропадан тасымалданатын өнімдер жаулайды. Себебі сол кезеңде жергілікті жылыжайларда өндірілген өнімдер тұрғындар сұранысын тарта алмай қалады. Бағаның, құбылмалығы, көтерілуі де осы арадан келіп шығады», дейді сауда орындарының бірінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкер Арқат Нұрахметов. Сөздің тоқетері, ел көлеміндегі жылыжай шаруашылықтары кешенін дамытып, өнімдері ішкі нарықты қалыпты қамтамасыз ететін дәрежеге көтеру қажет. Осы орайда агроном мамандар Астана қаласы маңынан жылыжай кешенін салудың тиімділігіне барлау, талдау жасаған екен. Нәтижесінде, көкөністі тұтыну көлемінің халық санының өсуіне қарай үздіксіз өсіп отыратыны анықталған. Ал осы сұранысты шешу үшін қысы суық және ұзақ солтүстік өңірлерде де өндірістік жылыжайлар салу қажет деген қорытынды жасалған. Яғни бүгінде өзіндік бет-беделін қалыптасып үлгерген «Астана Эко Стандарт» ЖШС жылыжайларына ұқсас кешендердің санын арттыру керек. Қанша дегенмен, жылыжай шаруашылығы мемлекет тарапынан аз қолдау тауып отыр деп айта алмасақ керек. АШМ Өсімдік шаруашылығын дамыту басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, жылыжайды салуға кеткен шығынның 30 пайызы мемлекет есебінен өтеледі. Бұл қаржы – несие емес, тегін беріледі. Екіншіден, көкөністерді сақтау шығынының 20 пайызы субсидияланады. Біраз жылдардан бері кооперация мәселесіне де жіті назар аударылып келеді. Жиналған өнімді өткізу жайы қарастырылып, техника сатып алуға кепілдік беру де көзделген. Үшіншіден, көкөніс бір жылда екі айналымда өсіріледі. Осы өсіру шығынына да 500 мың теңгеден 5,5 млн теңгеге дейін мемлекеттен қолдау көрсетілуде. Төртіншіден, тыңайтқыш, әртүрлі аурумен күресетін биогенттерге, арам шөптермен күресетін гербицидтерге де субсидия тұрақты бөлінеді. Ал алдағы, жақын мерзімдегі кезек күттірмес шараларға келсек, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық өндірістерді дамыту, жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында, жылыжайларды гектарлық субсидиялау бағдарламасын жедел қолданысқа енгізу, жылыжай шаруашылығын жеңілдетілген жолмен несиелеу және айналым қаражатын толықтыру үшін «Кең дала» несиелік бағдарламасына қосу, инвестициялық субсидиялар бағдарламасы шеңберінде жылыжай кешендерін салуға, кеңейтуге арналған инвестициялық шығындарды өтеу үлесін қолданыстағы 25%-дан 50%-ға дейін ұлғайту, жылыту маусымы кезеңінде көмір отынын төмен бағамен тікелей жеткізуді қамтамасыз ету қажет. Сонда ғана ел тұрғындарының қажеттіліктері жылыжайларда өндірілген көкөніс өнімдерімен маусымдық кезеңдерде толық қанағаттандырылатын болады.